Шындық | Сәтбаев атындағы университет Қазақстанда ең үздік техникалық ЖОО болып танылды

Бірқатар ақпараттық порталдар мен әлеуметтік желілерде Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (“Политех”) еліміздегі ең үздік техникалық университет атанғандығы жөнінде  жаңалықтар пайда болды.

Үкім: Шындық

IQAA Rankings мәлімдемесі бойынша, Сәтбаев атындағы университет Қазақстандағы 2019 жылдың ең үздік техникалық университеті болып танылды.

https://public.flourish.studio/visualisation/397630/

 

Өткен тоғыз жыл бойы еліміздегі техникалық университтердің рейтингінде көш бастап келген Қазақ-Британ Техникалық Университететі (ҚБТУ) екінші орынға түсті. Үшінші орынға Қарағанды Ммемлекеттік Техникалық Университеті (ҚарМТУ) ие болды.

Бағалау методикасы

IQAA Rankings-білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттік. Рейтинг нәтижелері үш сауалнамаға негізделеді:

  1. Академиялық ресурстардың сапасы. Бірінші сауалнамаға университет ұсынатын мәліметтерді тексеру арқылы ЖОО-ның Академиялық қызметі көрсетілетін 70 салмақтық пайыз анықталады.
  2. ЖОО қызметінің сапасы. Екінші сауалнамаға сарапшылар беделге баға беретін 15 салмақтық пайыз анықталады.
  3. Сауалнама жүргізу негізінде университеттердің қызметі. Үшінші сауалнамаға жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетін 15 салмақтық пайыз анықталады.

2019 жылы көп салалы университеттер арасында көш бастап тұрғандар:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)
  2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)
  3. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ҚарМУ және ОҚМУ)

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz