«Россия 24» «Медуза» журналисі ұсталғаны жайлы жалған ақпарат таратты

«Россия 24» Иван Голуновқа қарсы қылмыстық іс жайлы жақында шыққан сюжетте «Медуза» тілшісі мас күйінде ұсталды деп мәлімдеді. Эфирдің жазбасын мұрағатта сақталған деп хабарлады Tjournal  

Федералды арнада Голуновтың “мас күйін” растайтын құжатта керісінше оның мас емес екені жазылған. Шын мәнісінде дәрігерлер «обнаружено» сөзінің алдына «не» сөзін қосқан.  

©”Россия 24″ видеосынан скриншот

Оған қарамастан журналист Денис Новожилов сюжетінде былай деп хабарлады:

«Дәрігерлердің қорытындысы бойынша Иван Голунов мас күйінде тұтқындалды. Ненің әсерінен мас болғанын сарапшылар кейіннен анықтайды» 

Сол күні «России 24» арнасының бас редакторы Евгений Бекасов  «Говорит Москва» радио станциясына берген сұхбатында «Дежурная часть» бағдарламасының жаңа шығарылымында Иван Голуновтың “мас күйінде” тұтқындалғаны туралы ақпаратты алып тастайтындарын айтты.  

Мәскеу полициясы «Медуза» журналисі Иван Голуновты маусымның алтысы тұтқындады. Бұл жағдай Ресейде үлкен резонанс тудырды. «Медузаның» бас директоры Галина Тимченко және басылымның бас редакторы Иван Колпаков бірігіп мәлімдеме жасады. Олардың пікірінше Голуновты журналистік қызметі және жасап жатқан зерттеуі үшін тұтқындады. 

Атақты журналистер және мәдениет қайраткерлері Голуновқа қолдау білдірді. Ал Ресейдің үш басылымы: «Ведомости», «Коммерсант», «РБК» журналистті қолдау мақсатында бірдей стильде жарияланды. «Медуза» журналисінің ісімен айналысатын тергеушілерге «РБК» сайты сұрақтар дайындады. Голуновтың әріптестері оған неліктен қорғаушы берілмегенін және жақындарына қоңырау шалу мүмкіндігінен айырғанын сұрады. Сонымен қатар, тұтқындалғаннан кейін бірнеше сағаттан соң толтырылған хаттама қандай негізде жасалғанын сұрады.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз