Ресей Мемлекеттік Думасының кеңесі “Яндекстегі” фейк жаңалықтар” тақырыбында отырыс өткізеді

Ресей парламентінің төменгі палатасында “Яндекс” жүйесінде  жарияланатын “жалған жаңалықтар” тақырыбын талқылады. Бұл жайлы «Эхо Москвы» хабарлады.

Талқылауға ескі автокөліктерге тыйым салу туралы жаңалық себеп болды. Мемлекеттік Дума жаңалықты жоққа шығарды, бірақ ол іздеу жүйеде көп ізделген жаңалықтар тізімін бастап тұрды. Осыған байланысты “Единая Россия” партиясының депутаттары “маңызды интернет-ресурстардағы” шетелдіктердің үлесін шектеу туралы заң жобасын ұсынды деп хабарлайды радиостанция.

“Единая Россия “фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары Адалби Шхагошевтің сөзін негізне ала отырып  ресейлік Interfax-та бұл жаңалықты жариялады. Шхагошев “Яндекстің” жаңалықтарды қалыптастыру қағидалары туралы түсініктеме күтетінін айтты.

“Бүгін мен Яндекстің бас директоры Елена Бунинамен хабарласып, Яндекстің жаңалықтарын оқитын адамдар жалған ақпарат алмауы үшін “үздіктер” тізіміндегі ақпаратты іріктеу алгоритмін қайта қарауды ұсындым”-деді  Шхагошевтің баспасөз қызметі.

Хабарға сәйкес, Бунина әңгіме барысында “жүйенің мінсіз емес екенін және журналистер ұсынатын “сары” басылым ақпарат іріктеуге автоматты түрде әсер ететінін” мойындады.

Factcheck.kz