Миллиондаған қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткеннен кейін тергеу басталды

Ішкі істер министрлігі 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кету оқиғасына байланысты тергеу бастады, деп хабарлайды кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА). ЦАРКА жариялаған хатта

“ІІМ – нің хатында СДТБР-нің №197115031001878  аясында ҚР Қылмыстық кодексінің 211-бабы 1-тармағы бойынша 22.07.2019 жылы қозғалған (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғандығы туралы ресми хабарланады” деп жазылған.

©ЦАРКА

 

Кәмелетке толған барлық қазақстандықтардың жеке мәліметтері ашық қолданыста екені шілде айының басында белгілі болды.

ЦАРКА жариялаған скриншотқа қарағанда адамның аты-жөні, ЖСН, нақты мекен-жайы және паспорт нөмірі жаппай таралған.

Мәліметтердің тарап кеткені мемлекеттік органдарға белгілі болған кезде, база жабылды. Артынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бұл оқиғаны “маңызды мәселе” деп пікір білдірді.