Қазақстандағы Қытайдың 55 зауыты: аңыз бен ақиқат

«Қазақстанға 55 ескі қытай зауытын көшіреді» деп тараған хабарлама қоғамды дүр сілкіндіріп, Қазақстанның бірнеше қаласында қарсылық шаралары өтті. Қарсылық шараларынан бірнеше БАҚ ақпарат таратты, оның ішінде BBC де бар. Дегенмен олар өз репортаждарында ресми хабарлама мен қарсылық шарасының себебі – жылдам тарап кеткен хабарлама екенін айтпады. Бұл жерде ненің шындық, ненің жалған екенін анықтап көрейік.

Мәлімдеме: Қазақстанға 55 ескі қытай зауытын көшіреді

Үкім: Фейк

Хабарламаны алған адам ең бірінші «ескі зауыттарды көшіру» туралы ақпаратқа күдікпен қарауы керек. Бір өндіріс орнын көшірудің өзі тым қымбат екені онсыз да белгілі. Ол бір не екі жыл емес, одан да ұзаққа созылуы мүмкін, көп шығынды талап етеді және бар өндіріске жаңа ғимарат салу керек болады.

«Зауыттарды көшіру» туралы ақпарат 2016 жылы шыққан болатын. Сол кезде-ақ қазақстан-қытай индустриалды-инвестициялық серіктестігі аясында жаңа мекемелердің құрылысы басталатыны ресми түрде хабарланған. Жобаның жалпы соммасы – 24-26 млрд АҚШ доллары деп бағаланды. Мұны 2 қыркүйекте ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында Ермек Көшербаев та мәлімдеген. (Ортақ мекемелер ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтитынын ескерген дұрыс)

Жалпы, алғашқы ақпараттың «ескі» және «жаңаға» еш қатысы жоқ, таза синофобтық сипатта тараған.  Бұл жердегі «Ескі зауыттар» туралы сөздер хабарды тарату барысында қосылған және шындыққа сай емес.

55 зауыт қайдан шықты?

2019 жылға дейін Қазақстан-Қытай серіктестігі аясында 51 мекеменің  іске қосылуы жоспарланған (бағдарламаны жоспарлау 2013 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басталған).

Кейінірек бұл сан 55-ке дейін өсті.

2018 жылы бағдарламадағы 10 жоба жүзеге асты, олардың кейбірі қазір тұралап тұр, ал жартысының құрылысы әлі де жүріп жатыр. Мамыр айында 2019 жылы жүзеге асады деп жоспарланған 8 жоба туралы хабарланды. (Бағдарлама туралы толығырақ және сарапшылардың пікірін Forbes.kz-тен оқуға болады).

Тізімдегі кейбір мекемелер мыналар:

  • Жіксіз құбыр өндіру зауыты (Қарағанды, құрылысы аяқталды)
  • JAC автомобиль зауыты (СҚО, құрылысы аяқталды)
  • «Тайынша май» зауыты (құрылысы аяқталды)
  • «Dan Ake» ЖШС цементін өндіру зауыты (құрылысы аяқталды)
  • Сұйылтылған табиғи газ өндіру зауыты (Жамбыл облысы, құрылысы жүріп жатыр)
  • Павлодар облысындағы қант зауыты (құрылыс 2020 жылы басталады деп жоспарлануда)

Қытайлық экспансия?

Бұл сөз тіркесі өте айқын шығады және жиі естиміз. Сонымен қатар, кейбір жорамалдарға сәйкес еңбек миграциясы болуы да мүмкін. Бірақ Қытайға қарсы шығатын қазақстандықтардың көбі «Қытайдың ел мен жерді/экономиканы басып алуы» туралы айтады.

Жерге қатысты айтатын болсақ, қытай азаматтары мен мекемелері Қазақстаннан жер сатып ала алмайды. Экономикаға қатысты ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің деректерінен көруге болады.

Қазақстанға инвестиция көп құятын және қарыз беретін елдердің көшін Нидерланды мен АҚШ бастап тұр. Ал қарызға келер болсақ, Қазақстанның Қытайдан қарағанда Францияға берешегі көбірек.

Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен инвестор Нидерланды, Қазақстанға 2005 жылдан бері 80 млрд АҚШ долларынан көп инвестиция құйған.

ҚР Ұлттық банкінің деректерінен

2018 жылы Қытай инвестиция көлемі бойынша бесінші орында тұрған. Толығырақ «Курсив» газетіндегі әріптестеріміз дайындаған инфографикадан көріңіздер.

Қазақстандағы Қытайдың 55 зауыты: аңыз бен ақиқат
Қытай бізбен экономикасы тығыз байланысқан ел болғанымен, Нидерланды, АҚШ пен Еуропа елдері олардан екі есе көп инвестиция құяды.

Тікелей инвестициялар көлемі бойынша Қытай 4-орында, Франция мен Ресейден озғанымен, алғашқы үштікте емес.

Мемлекет Тікелей инвестициялардың жалпы кірісі
Елдер бойынша жалпы сомма 5 964
1.Нидерланды 1 798, 9
2. АҚШ 1 450,7
3. Швейцария 647,2
4. Қытай 362
5. Франция 255,7
6. Ресей Федерациясы 229,7
7. Бельгия 218,2
8. Ұлыбритания 140,7
9. Оңтүстік Корея 103,2
10. Жапония 100,6

Қытайға қатысты жорамалдар мен Орта Азиядағы «қытай экспансиясы» туралы біз бұған дейін де жазғанбыз. Сонымен қатар, бұрынырақ талдаған қытайлар мен қазақ қыздары жайындағы матримониалды фейк туралы да естеріңізге сала кеткенді жөн көрдік.

Қорытынды

  • Тараған хабарлама дезинформациялық сипатта болды және Қазақстандағы синофобия толқынын тудыруға бағытталған;
  • Оқиға орындарындағы видеодан мақсаттары орындалғанын байқауға болады, қытайлықтарға қарсы агрессиялық пікірлер айтылып жатыр;
  • Қазақстан аумағына ешкім қытай зауыттарын көшіруді жоспарламаса да, биліктің мәлімдемесіне азаматтар қанағаттанбауда.
  • Қазақстан билігі тұрғындарға ақпарат жеткізу барысында бірінше рет сүрініп отырған жоқ. Бұл жөнінде бұрынғы президент Н.Назарбаев та бірнеше рет ескерту жасаған еді.
Factcheck.kz