Қазақстанда медиасауат бойынша мектеп оқулығы жарыққа шықты

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы 9-11 сыныптарға арналған медиасауат бойынша оқулық шығарды. Оқу құралын Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Литвадан келген медиа мамандары дайындады. Оқу құралы 10 тараудан тұрады. Оның ішінде медиа тарихынан бастап жалған ақпарат деген не, ақпаратты қалай талдау және тексеру керек деген сұрақтарға жауап таба аласыз, деп хабарлайды Internews in Kazakhstan.

Қазақстанда медиасауат бойынша мектеп оқулығы жарыққа шықты

Ресей медиа маманы, Перм университетінің оқытушысы, “Ақпараттық қауіпсіздік” тарауының авторы Иван Печищев: “Мен интернетте, әлеуметтік желілерде қандай қауіп төніп тұрғанын және өзіңді қалай қорғау керегі жайлы айтамын. Менің ойымша, бұл өте маңызды, өйткені қазіргі ұрпаққа бұл туралы ата-аналары айтпайды. Себебі ата-аналардың өзі интернетті енді пайдаланып отыр. Студенттермен жұмыс істеу барысында олар ақпараттық қауіпсіздік жайлы ойлайтынын байқадым, бірақ оларға жүйелілік жетіспейді. Оқулықтағы бұл бөлім білімді жүйелеуге мүмкіндік береді” дейді.

Қазақстандық журналист Дмитрий Шишкин бұрын философия және логика пәндерінен сабақ берген. Әдетте жоғары оқу орындарында студенттер бұл пәндерді жарты жыл оқиды. Дмитрий маңызды деп санаған дүниелерді бір тарауға жинауға тырысты.

“Мен ең жиі кездесетін логикалық қателер негізіндегі манипуляциялардың “классикалық” түрлерін келтірдім. Курс тыңдаушысы теориялық және практикалық тапсырмаларды оқу барысында ойлау қабілетін жақсарту үшін манипуляциялардың абстракт түрлерін қолдануға тырыстым. Мен Factcheck.kz үшін бұл курстың ересектерге арналған нұсқасын дайындаған едім. Жастарға арналған түрі де сәтті шықты деп сенемін” дейді журналист.

Оқырмандармен кері байланыс орнату – жобаның маңызды бөлігі. Оқулықтың сынама нұсқасы Алматы және Қарағанды қалаларындағы екі мектепке жіберіледі.

Журналист Павел Банниковтың айтуы бойынша оқулықты құрастыру барысында сыни тұрғыдан ойлау сынды қабілеттерді ерте бастау керегін түсінді. Бүгінде үш жасар бала YouTubе-та видео көреді, тіпті өзі түсіреді. Сондықтан, интернеттегі қауіпсіздік жайлы ата-аналары айтуы қажет.

Factcheck.kz