Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Болып жатқан соңғы оқиғаларға, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» жолаушысын ҚТЖ-ның екі жолсерігі зорлап кеткеніне қатысты түрлі пікірлер айтылды. Оның ішінде әйелдер үшін Қазақстанда өмір сүру бұрынғыдан қауіпті екені, ал Қазақстан жыныстық зорлық-зомбылық бойынша ТМД елдері ішінде алдыңғы қатарда тұрғанын бірқатар БАҚ өкілдері жазды.

Әр түрлі көрсеткіштер бойынша әлемде тек  8,4 % -дан 35% -ға дейінгі зорлау оқиғалары полицияда тіркеледі. Ал жәбір көрген адамдар әртүрлі себептермен болған оқиғаға арызданбайды. Яғни, олардың шынайы санын анықтау өте қиын. Түсінгендеріңіздей, біз бұл материалда тіркелген құқықбұзулықтар бойынша сараптама жасаймыз. Шыны керек, ресми статистика да көңіл көншітпейді.

Тизер: Төменде көрсетілген ашық мәліметтерге сенсек,  Қазақстан расымен жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар бойынша ТМД елдері арасында «күмәнді» алғашқы орында тұр.

Дегенмен біз әр елде әр уақытта жасалған дәл осындай қылмысқа қатысты шағын салыстыру сараптамасын жасап көруді шештік.

Елдерді, тіпті дәуірлерді салыстыру жөнсіз көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осы салыстырулар арқылы динамикадағы  мәселелерді байқауға болады. «Сталин-Брежнев-КСРО кезінде мұндай болмаған» деген пікірді бірінші статистика, екіншіден қарапайым ойлау арқылы жоққа шығарамыз. 80-жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-ты салыстыру кездеседі (америкалықтар үшін өте қорқынышты зерттеуді америкалықтардың өздері жасады).

Бұл тақырыпта түрлі шатасулар да бар. Таңқаларлық, бірақ жыныстық зорлық-зомбылықпен танымал Үндістанның өзі (үндістандықтардың өздері дабыл қағып және үндістандық ерекше тәсілмен қылмыстық рейтингті де есептеп отыр) Қазақстаннан кейін тұр…

Осы логикаға сүйене отырып біз Ресей Федерациясы мен Солтүстік-Кавказ Федералды аймағының нәтижелерін таңдадық (диаграмма 2). Бірақ рейтингте алдыңғы орындарда тұрған скандинавия елдерінің статистикасына сараптама жасамадық. Не себепті? – төменнен оқыңыз.

Маңызды! Кестелерде 1 жылдағы 100 мың тұрғынға шаққандағы  оқиға саны ұсынылған.

ТМД елдері

Біріншіден, әрине бізге тарихи тұрғыда жақын елдерді бірдей уақытта салыстыра отырып қарастырған орынды.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Қазақстан

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 120-бап «Зорлау» 1130 құқықбұзушылық және 121-бап «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша 320 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл екі баптың артықшылықтары мен айырмашылықтары туралы біз бұрын жазған болатынбыз, сол себепті бұл құқықбұзушылықтарды бір-біріне қосып көрсетуді жөн көрдік. Осылайша, ҚР-да 2018 жылы зорлау бойынша 1450 жағдай тіркелген (олардың 1132-і әйелдерге қатысты, 231-і балаларға қатысты).

Қылмыс коэффициентінің 100 адамға шаққандағы есептеу формуласын естеріңізге сала кетейік:
К = Қ х 100 000 / Т, мұнда:
К – қылмыс коэффициенті
Қ – қылмыс саны (бұл жағдайда зорлау саны)
Н – тұрғындар саны

2018 жылдың соңында республикадағы тұрғындар саны 18 395, 6 мың адам болды. Осылайша зорлау көрсеткіші – 7,88-ге тең болады.

Қырғызстан

Қырғыз Республикасының Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы тіркелген зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 235 болған. 2019 жылдың басындағы тұрғындар саны – 6 389, 5 мың адам. Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің коэффициенті – 3,68.

Ресей Федерациясы

2018 жылы Ресей Федерациясында 3,4 мың зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелген. Тұрғындар саны 146,9 млн екенін ескерсек, коэффициент 2,3-ке тең болады.

Молдова

Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 266, тұрғын саны – 3 542, 7 мың, коэффициент – 7,5.

Армения

Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 24, тұрғын саны – 2 965,1 мың, коэффициент – 0,8.

Беларусь

Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 152, тұрғын саны – 9475,2 мың, коэффициент – 1,6.

Украина

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 203, тұрғын саны – 42177,6 мың, коэффициент – 0,48.

Өзбекстан

Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 222, тұрғын саны – 33254,1 мың, коэффициент – 0,67.

Әзірбайжан

 Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 28, 2019 жылдың басындағы тұрғын саны – 9981, 5 мың, коэффициент – 0,2.

Тәжікістан

Зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 42, 2018 жылдың қараша айындағы тұрғын саны – 9061,5 мың, коэффициент – 0,46.

Ескерту: Түркіменстанның 2018 жылғы деректерін ашық дереккөздерден таппадық.

Әлемде

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Үндістан

Statistical Branch of National Crime Records Bureau (NCRB) – Қылмыстық есеп Ұлттық Бюросының Статистикалық бөлімі, Үндістандағы қылмыс. 2016 жылғы статистика (сайтта одан кейінгі мәлімет жоқ – авт.) құжатында 2016 жылы бұл елде коэффициенті 6,3-ке тең 38947 зорлау мен коффициенті 0,9 болатын 5729 сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелеген.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Бірақ! Бұл елдің қылмыстық статистикасында тек әйелдерге қатысты болған зорлау есептеліп, коэффициент 100 мың әйелге шаққандағы зорлау санына қарай   шығарылады.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Балаларға, тіркелген каста (SCs) мен тайпа (STs), қария азаматтар және т.б.-ға да коэффициент есептеудің осы тәсілі қатысты.

Сол себепті, зорлауға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін алдын ала қосып алып, жалпы қабылданған жүйе бойынша өзіміз есептеп көреміз. Анықтама үшін: 2016 жылы Үндістан тұрғындарының саны 1,273 млрд болған (статистика жоғарыда аталған құжатта көрсетілген). Осылайша, коэффициент = 3,5

Ресей Федерациясы: СКФА

2012 жылы РФ-да 4486 зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелеген (тұрғындар саны – 143 млн, коэффициент – 3,1). Ал СКФА-дағы жалпы құқықбұзушылық саны 225 құраған (аймақтың тұрғын саны – 9493 мың, коэффициент – 2,3).

Қазақстан – 2010

2010 жылы зорлау саны 1387 + 353 (121-бап бойынша құқықбұзу – «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері»), тұрғын саны 16440,5 мың болғанда коэффициент 105 болды.

80-жылдардың екінші жартысындағы КСРО мен АҚШ

Халықаралық салыстыру және қолданбалы әділсот (правосудия) журналында жарияланған Crime and Punishment in the Soviet Union and the United States: 1986-1990 жұмысында (авторлары – James L. Williams, Texas Woman’s University, және Daniel G. Rodeheaver, University of North Texas) мынадай мәліметтер келтірілген:

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Жылдар бойынша екі елдегі тіркелген жағдайлардың көрсеткіштері қызылмен берілген (100 мың адамға), жасылмен белгіленгендер жылдар бойынша зорлау айыбымен тұтқындалғандар (100 мың адамға). Авторлар қолданған дереккөздер: ҚР ІІМ (1991), ФБР (1987, 1988, 1989, 1990, 1991).

КСРО, 1958 және 1964 жж

1958 жылы КСРО-да 11135 зорлау оқиғасы тіркелген (тұрғындар саны – 208,8 млн, коэффициент – 5,3), ал 1964 жылы – 11531 (тұрғындар саны – 229,3, коэффициент – 5).

Жеке тұлғаға қатысты қылмыстың әлемдік динамикасы

Сіз зорлау коэффициентіне негізделген әлемдік картаны пайдалана аласыз. Картаны құрастырушылар UNODC (БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасы) мәліметтеріне сілтеме береді, дегенмен бұл ұйым осы қылмыс түріне қатысты статистиканы қолжетімсіз қылып қойды.

Сонымен қатар, әйелдер зорлау оқиғасы туралы полицияға үнемі арыз бермейтінін де ескеру қажет. Зардап шеккендерді «үндемей қалмауға» шақыратын скандинавия елдерімен салыстырғанда көптеген басқа елдерде бұл қылмыс түрі әлеуметтік стигма болып саналады. Мәселен, әр сексуалдық зорлық-зомбылық жеке оқиға ретінде тіркеледі. Егер қылмыскер құрбанын күн сайын екі апта бойы зорлаған болса полиция 14 құқықбұзушылықты тіркейді. Ал басқа елдерде бір ғана жағдай тіркелуі мүмкін.

Сонымен қатар, статистикаға «зорлау» заңды анықтамасы да әсер етеді. Бұл туралы Швецияда рейтингі жоғары шведтік басылымына берген сұхбатында БҰҰ есірткі және қылмыс басқармасының мәліметтерді дайындау және тарату бөлімінің бастығы Энрико Бизоньо айтады.

Қазақстандағы динамика

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

2010 жылдан бергі Қазақстан бойынша мәліметтер бейнесі толық емес болатын. Яғни, өмір әйелдер үшін бұрынғыдан қауіптірек болған жоқ. Қауіпсіз де емес. 10 жыл ішінде 2013-те шарықтау шегіне жеткен екен. Кесте ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мен Құқықтық статистика комитетінің мәліметіне негізделген.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz