Фактчек | 2018 жылы 84 бала, 900-ден астам әйел зорланған

27 қарашада Almaty TV телеарнасында “2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 914 әйел зорланған, 204 әйел жыныстық бопсаланған, 84 бала зорланып, 88 бала жыныстық сипаттағы әрекеттің құрбаны болған. Бұдан бөлек кәмелетке толмағандарды азғындаудың 138 жағдайы тіркелген” делінетін сюжет шықты. Материалда қоғамдық белсенділер жыныстық қылмысқа тағайындалатын жазаны ауырлатуды сұрайды деп айтылған.

Almaty.tv-ның осы материалына сілтеме беріп, Zakon.kz шағын ақпарат шығарды.

#METOO

Сюжетте айтылған статистикаға таңырқап қалдық. Бұл ақпарат ресми статистикаға қаншалық сай екенін тексеріп көруге бекіндік. Бірден айтайық – Қылмыстық кодексті мұқият оқысаңыз, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балалар саны бұдан көбірек болып шығады.

Мәлімдеме: 2018 жылдың 9 айында елде 914 әйел зорланған

Үкім: Шындық (Қылмыстық кодекс бойынша ғана)

Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің ақпараты мен 2018 жылдың 12 қарашасында жарияланған Бас прокуратураның арнаулы есебіне сүйенсек, бұл дерек рас.

 

#METOO в КазахстанеЕсептің сілтемесі қызыл сызықпен сызылған.

Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде былтырғы тоғыз айда Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша (“Зорлау”) 914 заңбұзушылық тіркелген (1-кесте). Алайда іс жүзінде зорлау фактісіне жататын оқиғалар 120-бапта қана емес, 121-бапта да қамтылған. Мәселен, оральдық зорлау 121-бапқа жатады.

Мәлімдеме: 204 әйел жыныстық бопсаланған

Үкім: Жалған

Әңгіме бопсалау туралы емес, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жайлы (121-бап).

Құқықтық статистика жөніндегі комитет пен Бас прокуратураның арнаулы тіркеуіндегі дерекке қарағанда, былтыр тоғыз айда арнаулы реестрге Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша (“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) 204 жағдай тіркелген (ал сол кезеңде болған жағдайдың жалпы саны – 279). 1-кестеге қараңыз.

#Metoo в Казахстане
1-кесте. Ескерту: С – қылмыстық заңбұзушылық, F — сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелгені, H — әйелдерге жасалған қылмыс үлесі, I — кәмелетке толмаған балаларға қатысты жасалған қылмыс үлесі.

Алайда Қазақстанда “жыныстық бопсалау” түсінігі заңдастырылмаған. Мұндай құбылыс бар екені сөзсіз, бірақ заң мұны қылмыс деп санамайды.

Мағынасы жағынан “жыныстық бопсалау” Қылмыстық кодекстің 132-бабына – “Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, лесбияндыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеуге” келіңкірейді. Бірақ біз қарастырған кезеңде бұл бап бойынша ешбір жағдай тіркелмеген. Бұл мұндай жоқ дегенді білдірмейді – құрбандардың көбі қоғам сынынан қауіптеніп, полицияға шағымданбайды.

Бұдан бөлек  харрасмент пен “Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” (121-бап) деген — бір нәрсе емес.

Контекст

120-бап әдетте зорлауды ер адамның әйелге жасайтын жыныстық зорлық-зомбылығы деп түсінеді.

  1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады… (Ары қарай – жазаны ауырлататын жағдайлар, тағайындалатын жаза 20 жылға жетеді – Ф.)

121-баптағы “Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінде” зорлау былай түсіндіріледі:

  1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, лесбиандық немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (Ары қарай – жазаны ауырлататын жағдайлар, тағайындалатын жаза 20 жылға жетеді – Ф.)

Көріп тұрғандарыңыздай, заңбұзушылық та, тағайындалатын жаза да бірдей, тек құрбан мен қылмыскерге келгенде айырмашылық бар.

Осылайша, 121-бап бойынша (“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) 204 әйел заңбұзушылық құрбаны болса, кәмелетке толмағандарға қатысты 85 жағдай тіркелген. Логика бойынша, олардың бәрі қандай жағдайда болмасын, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны деп айтуға болады.

Мәлімдеме: 2018 жылы 84 бала зорланған, 88 бала жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды, кәмелетке толмағандарды азғындаудың 138 жағдайы тіркелген

Үкім: Жартылай шындық

Әдейі жасалмаған қате болғанымен, зорлықты өткерген адамдарға мұндай олқылықтар ұнамайды. Әсіресе, балаларға келгенде. Телеарна журналистері мынадай қате жіберіп алған. 2018 жылдың тоғыз айында арнаулы реестрде тіркелген заңбұзушылықтар:

  • “Зорлау” бабы бойынша (120-бап) тіркелген заңбұзушылықтар саны – 83;
  • “Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бабы бойынша (121-бап) тіркелген заңбұзушылықтар саны – 85;
  • “Жасөспірімдерді азғындау” бабы бойынша (124-бап) тіркелген жағдай саны –

Яғни, шын мәнінде ресми статистика бойынша жыныстық зорлық құрбаны болған балалар саны – кем дегенде 168. Тап сол тоғыз ай аралығында 122-бап бойынша (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) 322 жағдай тіркелген. Осылайша, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған жалпы заңбұзушылық саны – 633.

(Ескерту: 122-бапқа сәйкес, жыныстық ерік 16 жаста беріледі, кәмелет жасына бала 18-де толады.)

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz