Грузия президенті Ресейді Лугар зертханасы жайлы жалған ақпарат таратпауға шақырды

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ричард Лугар атындағы ауруларды қадағалайтын ұлттық орталығына барып, Ресейге «жалған ақпарат таратып» мекеменің атына кір келтірмеуге ұсыныс білдірді. Бұл жайлы «Взгляд» басылымы хабарлады.  

«Біздің көршімізден фейк жаңалықтар таралуда. Бұл Грузияның беделіне нұқсан келтіруге бағытталған іс» деп мәлімдеді Зурабишвили.

Президент «барлығы жоғары деңгейде қорғалған» зертханаға «фейк жаңалықтар тарататындарды» шақырды. Оның айтуынша бұл зертханада ауруды бақылау және алдын алу бойынша көптеген маңызды және қызықты зерттеулер жүргізілуде. Осыған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ-ты Грузияда биоқару жасауға тырысты деп айыптаған еді. Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың үкіметтік ұйымдары Лугар зертханасында генетикалық зерттеулерді қаржылай қолдады деп мәлімдеді. 

Қазақстан жайлы

Еске сала кетсек, мұндай зертхана Алматыда да бар. Зертхана обамен күреске арналған станция негізінде ашылды (оба облыста эндемикалық вирус) және оба, бруцеллез, күйдіргі және аймақтағы басқа патогенді аурулар бойынша зерттеулер жүргізеді.

Алматыдағы зертхана жайлы бірнеше рет қате немесе жалған ақпарат жарияланды. Осыған дейін оның біреуін талдадық.

Ал «6 мифов о “лаборатории Пентагона” в Алматы» материалындағы мәселені егжей-тегжейлі түсіндірдік. Бұл материалдарда аты аталған зертханалардың ешқайсысы , оның ішінде Алматыдағы да, құпия емес және тексеріске ашық.

 

Factcheck.kz