ФЕЙК | ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды

Qamshy.kz сайтында 23 мамыр күні “ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды” деген атпен мақала жарық көрді. Содан кейін әлеуметтік желілерде түсініспеушілік мен алаңдаушылық бірден көбейіп кетті. Артынша дәл сол күні облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова бұл жәйттің тек ұсыныс күйінде айтылғанын жеткізіп, жер сату туралы ешқандай әңгіменің болмағанын айтқан болатын.

Үкім: ФЕЙК

ҚР бірінші Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жерді шетелдік азаматтар мен шетелдік компанияларға сатуға мараторий жарияланған. Сол себептен де бұл – жалған ақпарат.

Мақалада не жазылған?

ШҚО-ға ресми сапармен келген Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзю облыс әкімі Даниял Ахметовпен кездесіп, бірқатар саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады. Соның ішінде ауыл шаруашылығына байланысты құс фабрикасын салу туралы ұсыныстар айтылды. Егер ұсыныстар қабылданып, ары қарай жалғасатын болса, ШҚО әкімдігі арнайы құс фабрикасы үшін 40 мың гектар жер бөліп беруге дайын екендігін жеткізді…

Бұл әзірге ұсыныс қана. Қытайлықтарға 40 мың гектар жер сатылады деген қауесет пен ұсыныс жасалды деген мәлімдеме екеуі екі бөлек дүние.

Осы жайттың анық-қанығын тексеру үшін Factckeck.kz сайты ШҚО әкімдігіне де ресми хат жолдаған болатын. Хатта осы ақпараттың рас не өтірігін, егер жер берілетін болса қандай заңнамаға сәйкес берілетіндігін және қандай компания жүзеге асыратындығын сұрадық. Жауап төмендегідей:

фактчек ответ

Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы №256 қаулысымен “Ертіс” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” Ұлттық компания” акционерлік қоғамына Үржар ауданына құс фабрикасын салу үшін жалпы ауданы 300 га (152,7 га және 147,3 га) жер учаскелерін 10 жылға дейін жалдау құқығы берілген. Жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге ауыстырылған. Үржар ауданының аумағына құс фабрикасының жем-шөп базасын қамтамасыз ету үшін 40 мың га алқап резервке қойылған. Сондай-ақ осы жерлерге отандық және шетелдік инвесторлар тартылуы мүмкін, бірақ, әзірге бұл жерлер тек мемлекеттің меншігінде тұр.

Сонымен қатар әкімдіктің мәлімдемесінде егер шетелдік инвесторлар табылып жатса, жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті рәсімдер қатаң түрде қолданыстағы заңнама шеңберінде жүргізілетінін жеткізді. Бұл жобаға әлі шетелдік инвесторлар тартылмаған. ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы делегациясының сапары барысында бірнеше жоба ұсынылған, соның ішінде осы жоба да бар, бірақ, ҚХР инвесторлары тарапынан жобаны іске асыруға қандай да бір нақты ұсыныстар келіп түспеген.

31 мамыр күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов осы жайтқа орай арнайы брифинг ұйымдастырып, бұл ақпараттың жалған екені растады. 

Ашық деректер

ҚР Жер Кодексі
ШҚО әкімдігінің ресми сайты
ШҚО әкімі Д.Ахметовтың жеке блогы

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz