Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм

Жақында әлеуметтік желілерде Энтони Фан деген дәрігердің Вьетнамда вакциналар пайда болғанға дейін аутизм сияқты ауру негізі болмағанын айтқан видео тарай бастады.

«Вьетнам Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына, Халықаралық валюта қорына, ақша-несие жүйесіне қосылғаннан кейін Билл Гейтс пен оның қоры вакцинация бағдарламасын енгізді (шамамен, 2007 жылы). Аутизмнің өсу көрсеткіші 300% болды», – дейді ол.

Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм

Бұл видео атақты Голливуд актеры Роберт де Нироның Vaxxed («Вакцинацияланғандар») деген шулы фильмнің фрагменті екені анықталды. Онда авторлар вакцинация аутизмнің пайда болуына түрткі болатыны туралы айтады.

Үкім: Жалған және манипуляция

Вакцина аутизм тудырады деген миф 2004 жылы шыға бастаған, бірақ вакцинаға қарсылар оны әлі де жоққа шығарады. Бұл қастандық теориясын қазір лицензиясынан айырылған британ дәрігері Эндрю Уэйкфилд таратты, ол The Lancet журналында жалған зерттеу жариялады. Айтпақшы, осы фильм авторы да – сол, ал актер Роберт де Нироның фильмге еш қатысы жоқ. Уэйкфилдке бірнеше рет мәліметтерді бұрмалады, тіпті қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылды. Өкінішке қарай, ол таратқан жалған ақпарат вакцинация деңгейінің төмендеуіне және әлемдегі бірқатар қауіпті аурудың өршуіне себеп болып отыр. Доктор Энтони Фанға келер болсақ (ағлшынша — Antony Phan), ол вакцинацияға қарсы қозғалыс өкілі ретінде де танымал, біз оның аты аталатын ешқандай ғылыми еңбек таппадық.

Толығырақ…

«Вакцинацияланғандар» – бұл балалар арасында аутизм дамуы мен вакцинация арасындағы байланыс туралы баяндайтын Роберт Де Нироның «авторлық» фильмі. Бұл мәлімдеменің барлығы жалған, бірақ рет-ретімен бастайық.

Осы картинадағы үзінді әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, әсіресе «Оян» деген Telegram-каналда белсенді түрде таратылып жатыр. Бұл – кез келген вакцинацияға қарсы және COVID-19 адамзаттың едәуір бөлігін құрту үшін жасанды түрде жасалған деп есептейтін қастандық теоретиктері қауымдастығы. Айтпақшы, канал сипаттамасында авторлар басты мақсаты «адамдарды оятып, әлемнің, шын мәнінде, қалай құрылғанын түсіндіру» екенін жазады.

Бұл Telegram-канал біз бұған дейін бірнеше рет жазған басқалар сияқты, фейк және жалған ақпарат таратумен айналысады, оқырмандарды адастырып, ғалымдар мен дәрігерлерге сенімсіздік туғызады.

«Вакцинацияланғандар» фильмі 2016 жылы шыққан, бірақ Роберт Де Нироның оған еш қатысы жоқ. Картина сол жылы Трайбека тәуелсіз кинофестивалінде көрсетілуі керек еді. Де Ниро осы фестивальдің тең құрылтайшысы болып, фильмді бағдарламаға қосуды ұсынды, оның лента жасауға еш қатысы жоқ еді.

Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм
Фото авторы: Robert Doisneau

Фестивальге жұмысын ұсынған кейбір режиссер мұндай материалдармен бір экранға шыққысы келмейтінін айтты, ал бұқаралық ақпарат құралдары актерды «өзін вакцинацияның психотикалық қарсыластарына сатты» деп айыптады (цитата – Ред.). Ақыр соңында Де Ниро фильмді осы фестивальде көрсетуге тыйым салды.

Ол өзінің алғашқы шешімін аутизм мәселесіне назар аудартуды қалағанын айтып түсіндірді, өйткені оның өз ұлы аутист. Бірақ бұл мәселені Трайбека фестивалі командасымен және ғылыми қауымдастық өкілдерімен талқылағаннан кейін, фильмнің кейбір тұсы оны қатты алаңдатқандықтан, көрсетілімді тоқтату керек деген шешімге келді.

Бұл таңқаларлық нәрсе емес, өйткені ғалымдар фильмде ұсынылған гипотезаны картина шығардан 10 жыл бұрын жоққа шығарып қойған еді және оның негізінде жүргізілген зерттеулер анти-ғылымға жатқызылып, бұрмаланған деп саналды.

VAXXED фильмін, шын мәнінде, кім түсіргені туралы

Картинаның шын авторы – атақты вакцинағы қарсы адам, бұрынғы британ дәрігері Эндрю Уэйкфилд. Ол 1990-жылдар аяғында қызылшаға, қызамыққа және шошқаборыққа қарсы балаларға егілетін вакцинаның ауыр ауытқушылық – аутизммен байланысты болу мүмкіндігін зерттеді. Фильм продюсері – қастандық теоретигі Дел Бигтри. Автор фильм көрсетілімін тоқтату «сөз, өнер және шындық бостандығын корпоратив мүдделер күшімен шектеудің тағы бір мысалы» екенін айтты.

Эндрю Уэйкфилд 1998 жылы вакцинация мен аутизм дамуы арасындағы байланыс туралы зерттеуін беделді The Lancet журналында жариялағаннан кейін танымал болды. Ол өз жұмысында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация алған оннан астам балада бірнеше аптадан кейін аутизм пайда болған жағдайларды сипаттады. Нәтижесінде ол мұны салынған дәрі салдарымен байланыстырды.

Алайда оның деректерді бұрмалағаны туралы айыбы ашылды. Басқа зерттеушілер британ дәрігері зерттеуі нәтижесін қайталай алмады, ал медициналық журналист Брайан Дир үлкен тергеу жүргізді. Ол Эндрю Уэйкфилдтің деректерді бұрмалаумен айналысқанын және тіпті вакцина шығаратын компаниялар беделіне зиян келтіруге мүдделі бизнесмендер тобынан қаржы алғанын анықтады. Сондай-ақ, біз Уэйкфилд өзінің қызылшаға қарсы вакцинасын патенттегенін білдік, ол оны бәрінен қауіпсіз деп атады.

Осыдан кейін британ қастандық теоретигі бірлескен авторларының көпшілігі кейіннен мақалада жарияланған зерттеу нәтижелерін түсіндіруден бас тартты. The Lancet журналы редакторлары анықталған фактілер жиынтығын талдап, Уэйкфилдтің мақаласын алып тастау туралы шешім қабылдады (ол мақаланы қазір де интернеттен табуға болады, бірақ әр парағы ашық қызыл түспен RETRACTED деген жазумен белгіленген).

Оған қоса, Ұлыбританияның бас медициналық кеңесі Уэйкфилдті медициналық зерттеулерден дәлелденген фальсификация анықталғандықтан және ол пациенттерінің мүдделеріне қайшы әрекет етіп, дамуында ақауы бар балаларға нашар қарым-қатынас жасағаны үшін медицина саласында қызмет ету құқығынан айырды.

Сонымен қатар, оның «зерттеулерін» бүкіл әлем ғалымдары жоққа шығарды және жарияланымға қатысты пікірлерден кейін де «зерттеу» бірнеше рет теріске шығарылды. Мысалы, Дания ғалымдары вакцинаның аутизмге қатысы жоқ екенін жарты миллионнан астам баланың дерегін зерттеу арқылы растады. Зерттеу барысында MMR вакцинасы аутизм қаупін арттырмайтыны, ол дертке бейім балаларда аутизм тудырмайтыны және вакцинациядан кейін аутизмнің өршуіне әкелмейтіні дәлелденді.

Ресейлік ғылыми журналист және ғылымды насихаттаушы Ася Казанцева Эндрю Уэйкфилдтің The Lancet  журналына шыққан ғылыми жарияланымын егжей-тегжейлі талдап, зерттеу кезінде жіберілген барлық қатені көрсетті. Сонымен қатар, вакцина аутизмнің пайда болуына не себепті ықпал ете алмайтынын түсіндірді.

Сонымен, Вьетнамдағы аутизм туралы не деуге болады?

Вьетнамдағы аутизм таралуына келсек, мұнда бәрі әлдеқайда қарапайым. Жергілікті тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдарына 2000-жылдарға дейін мұндай аурудың бар екенін білмегенін бірнеше рет айтты, өйткені елдегі медицина өте нашар болды. Дәрігерлер бұл ауру белгілері мен оның қалай жүретіні туралы біле бермейтін еді, сондықтан олар балаларға диагноз қоя алмады.

Осы қастандық теориясын көпшілік теріске шығарғанына қарамастан, Уэйкфилдтің жұмысы Ұлыбритания, Ирландия және Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық пікірге елеулі әсер етіп үлгерді. Осы елдің барлығында вакцинацияланған балалар саны айтарлықтай төмендеді, бұл балалардың қызылша, қызамық және паротит ауруына шалдығуы артуына, соның ішінде өлім-жітімнің өсуіне әкелді.

Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм
Қызылша ауруының айлар бойынша және ДДСҰ аймақтары бойынша таралуы (2015–2019), 2019 жылғы 8 қарашадағы деректер.

Америкалық психолог және ғылыми журналист Роб Бразертон мұны 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорист актісінен кейін қоғам дүрлігіп, әртүрлі қастандық ториясы көбеюімен, онда арамза үкімет пен ашкөз корпорациялар басты қаскөйлер ретінде көрсетілуімен түсіндіреді. Бұл жерде Уэйкфилдтің теориясын нақты ғылыми оқиғаларға қарағанда белсенді түрде жариялаған баспасөз де жағымсыз роль атқарды.

Сондай-ақ, қастандық теориясы туралы фильм авторлары картинадан әлі күнге дейін ақша тауып келе жатқаны назар аудартады. Продюсерлер Брайан Берроуз бен Полли Томми осы картина туралы айтатын жаңа веб-сайт ашты (оның жалғасы Vaxxed II туралы да). Бір қызығы, қазір олар тіпті қалаларға тур ұйымдастырады, онлайн хабар таратады және көрермен алдында өнер көрсетеді, әрине онысы ақылы. Сонымен қатар, оларға қайырымдылық ретінде ақша жіберуге болады, ол біз бұрын жазған қастандық теориялары арқылы ақша табу схемасына сәйкес келеді.

Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм

Сондай-ақ, олардың 5 доллар тұратын тоңазытқыш магнетиктерінен бастап 40 доллар тұратын худиге дейінгі тауарлар сатылатын интернет-дүкені бар.

Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм
Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм
Фактчек | Вьетнамдағы вакцина мен аутизм

Қорытынды

  • «Вакцинацияланғандар» картинасын деректі фильм деуге келмейді, өйткені ол бұрмаланған және жалған деректерге сүйене отырып, ғылымға қарсы идеяларды насихаттайды.
  • Голливуд актері Роберт Де Ниро «Вакцинацияланғандар» фильмінің авторы емес және оны насихаттауға тікелей ықпал еткен жоқ. Вакциналар аутизм пайда болуына әкелуі мүмкін деген теорияны 1998 жылы осы идеямен ақша тауып жүрген қастандық теориясы дәрігері ойлап тапты. Оның «зерттеулері» бірнеше рет теріске шығарылып, сот оған медицина қызметімен айналысуға тыйым салды.
  • Вьетнамдағы аутизм вакцинация салдарынан пайда болған жоқ. Бұл ауру оларда бұрын да болған, бірақ дәрігерлер денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына байланысты ауру туралы аз білді де, мұндай диагнозды қоя алмады.
Factcheck.kz