ЕҚЫҰ Қазақстан азаматтарының бейбіт жиындарды өткізу құқығының шектелуіне алаңдаушылық білдірді

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Қазақстандағы азаматтардың бейбіт жиындарды өткізу құқығының бұзылғандығына алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды ҚазТАГ.Трансляция Facebook-тағы ЕҚЫҰ парақшасы арқылы көрсетілген. Толық нұсқасын төменнен қарасаңыз болады:

ЕҚЫҰ спикерлері не айтты?

«Біз, ірі қалалардағы бейбіт шерушілердің полиция күштеп таратқанына және ұсталғанына алаңдаушылық білдіреміз. Мұндай оқиғалар үлкен елдің беделіне әсер етіп қана қоймай, оған зиянын да тигізеді», — деді ЕҚЫҰ арнайы үйлестірушісі Георгий Церетели. 

Бұған қоса Церетели сайлаудың қолданыстағы Заң аясында өткенін және оның шикі екенін, сайлау барысында бірнеше заңбұзушылықтың анықталғанын да айта кетті. Спикер биліктің халықпен диалогқа келетігдігне және жаңа реформаларға үміттенетіндігін білдірді. Ал ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы делегациясының төрайымы Маргарета Кинер Неллен бейбіт қарсылық танытып жатқан адамдарды ұстау олардың құқықтарын бұзатындығын айтты:

«Кешегі бейбіт демонстранттарды және журналистерді тұтқындау конституцияда белгіленген азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және пікірлерін еркін жеткізу құқықтарын бұзады».

Бұдан өзге, ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы делегациясының төрайымы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы елдегі сөз бостандағын айтарлықтай шектейтіндігін де айта кетті.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz