Дональд Трамп Huawei лицензиясын ұзартпады

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компанияларға Huawei Қытай корпорациясы гаджеттерінің жұмысын ұстап тұратын өнімді сатуға мүмкіндік беретін лицензияның ұзартылмайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының мәлімдемесін CNBC хабарлады. 

Трамп журналистерге:

«Қазіргі уақытта олармен жұмыс істемейтініміздің ықтималдылығы артуда. Мен олармен жұмыс істегім келмейді. Себебі олар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді» деп мәлімдеді. 

Бұдан бұрын берілген лицензияның мерзімі тамыздың 19-ы аяқталды. Reuters-тің   хабарлауынша АҚШ-тың сауда министрлігі америкалық компанияларға Huawei өнімдерінің қосымша 90 күн бойы сатуға рұқсат бергенін хабарлады.

2019 жылдың мамырынан бастап Huawei компаниясына санкция салынды.  Америкалық компанияларға инфрақұрылымын сыртқы қауіптерден қорғау үшін корпорациямен жұмыс істеуге тыйым салынды. Дегенмен, шілде айында АҚШ сауда министрі Уилбур Росс АҚШ шектеулерді қайта қарастыратынын хабарлаған еді.

Factcheck.kz