БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстанды бейбіт жиналыстар еркіндігін құрметтеуге шақырды 

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстанды бейбіт жиналыстар бостандығын, пікір білдіру және мемлекетті басқаруға қатысу құқығын құрметтеуге шақырды. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

Хабарламада БҰҰ адам құқықтары кеңсесінің Орталық Азия бойынша жетекшісі Ришард Коменда «маусымның 9-ы  президент сайлауы өткеннен соң Қазақстанның бейбіт шеруге шыққандарға, белсенділерге және журналистерге қарсы іс әрекетеі алаңдаушылық тудырады» деп жазды. 

«Ойын ашық білдіру мен бейбіт жиналыс өткізу еркіндігі – дамыған қоғамның негізі. Оларға себепсіз, негізсіз кедергі келтіру тұрақтылық пен әлеуметтік бірлікке зардабын тигізеді» деп хабарлады. 

Хабарламада айтылғандай, 9 және 10 маусым күндері түрлі  дереккөздердің хабарлауынша астанада, Алматы және Шымкент қалаларында мыңдаған наразыларды, оның ішінде журналистерді тұтқындаған. Ресми дерек бойынша «рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін» 550 адамға айып тағылып, жауапқа тартылған.  

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы  полиция учаскелерінде түнде жүргізілген және көп жағдайда адвокаттың қатысуынсыз болған жедел соттар жайлы хабардар.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы пікірін бейбіт және заңды түрде білдіргені үшін ұсталғандардың және сотталғандарға алаңдаушылық білдірді.

Коменданың айтуынша наразыларды тұтқындау арқылы Қазақстанның адам құқықтарын қорғау халықаралық ұйымының заңын бұзуда. “Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен еркін пікір айтуға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын” деп жазды Ришард Коменда .

Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы БҰҰ адам құқықтары саласы бойынша басты құрылымдарының бірі.