Бекшиннің Британ штамы туралы айтқаны рас па?

Жақында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың британ және Оңтүстік Африка штамдарына тән мутациялар анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, жаңа штамдар жұқпалырақ. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда, жаңа штамдардың инфекция деңгейі 70 процентке дейін жоғары.

Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері ауырып жатқан балалар мен жастардың көбеюіне байланысты коронавирустың жаңа штамдарын анықтау бойынша зерттеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

«Былтыр вирус жұқтырғандардың көбі [азаматтар арасында] 1980 жылдан бері қарай туғандар болса, биыл ол 1990 жылда туғандардан басталады. Мектепке дейінгі жастағы науқастар саны екі есе артты. Ауырған мектеп оқушылары саны үш есеге жуық өсті. Бұл қасиеттер жаңа штамның өте жұқпалы екенін көрсетеді», – деді Бекшин сол кезде.

Factcheck.kz редакциясы Жандарбек Бекшиннің сөздерін тексерді.

Мәлімдеме: Жаңа штамдардың жұғу деңгейі өте жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда, жаңа штамдардың инфекция деңгейі 70 процентке дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция жұқпалырақ.

Жандарбек Бекшин

Үкім: Жартылай шындық

Бұрын ғалымдар COVID-19-дың жаңа штаммы шынымен де алдыңғы штамдарға қарағанда 70% белсенді тарайды деп ойлаған. Дегенмен эпидемиология саласы мамандары бірқатар ірі зерттеу жүргізгеннен кейін британ штамының жұқпалы екені туралы мәліметтер айтарлықтай өзгеріп отырғаны анықталды. Қазір сарапшылар таралу мүмкіндігі деңгейін 40-тан 90%-ке дейін бағалайды.

Алғаш рет вирустың жұғу деңгейі жоғарылауы туралы ақпаратты Британ жаңа респираторлық вирустар қаупі жөніндегі сарапшылар кеңесі (NERVTAG) жариялады. Ғалымдар өз есебінде B.1.1.7 штамының шынымен де жұқпалы екенін көрсетті, яғни адамнан адамға жұғуы оңай. Содан кейін мамандар вирустың бұл түрі 70% жылдамырақ таралады деген қорытындыға келді. Бұл мәлімдеме вирус шыққан Ұлыбританиядағы эпидемиология жағдайын талдауға негізделген.

Бірақ 2021 жылдың қаңтар айы соңында-ақ ғалымдар COVID-19-дың британ штамының жұқпалығы туралы кеңірек мәліметтер ұсынды. NERVTAG-тың кейінгі есебі бойынша, жаңа нұсқа алдыңғы штамдармен салыстырғанда 30%-тен 70%-ке дейін жылдамырақ таралуы мүмкін. Бұл талдауда Ұлыбританиядағы ауру деректері мен оның ауырлығы мұқият қарастырылды.

COVID-19-дың жаңа типі таралуының неғұрлым жоғары деңгейі туралы ақпаратты ДДСҰ растады, ол британ сарапшыларымен және билік органдарымен белсенді жұмыс істейді. Дегенмен содан кейін ұйым мамандары таралу деңгейі процентін көрсеткен жоқ. Жуырда ДДСҰ зерттеуі кезінде коронавирустың бұл түрінің репродуктивтік деңгейі жоғары екенін көрсетті, ол 41%-ке тең. 

Лондон императорлық колледжі ғалымдарының кейінгі алдын ала зерттеуі бойынша, жаңа нұсқа вирустың көбею қабілетін 40-70% арттырады. Айта кету керек, бұл ғылыми жұмысқа әлі эксперттер баға бермеген, сондықтан мәліметтер алдын ала жасалған болып саналады. Бұған дейін зерттеушілер бүкіл әлемде британ штамын жұқтырған адамдар көп екенін, бұл вирустың бұрынғы түрлерінен айырмашылығы бар екенін хабарлаған еді.

Беделді Science ғылыми журналында жарияланған ең өзекті зерттеулердің бірі бойынша, коронавирустың жаңа штамы бұрын пайда болған нұсқаларға қарағанда 43-90% көп. Осыдан ғалымдар вирустың жаңа түрі әлдеқайда жұқпалы және оның таралуын бақылауда маңызды шаралар қажет деп тұжырымдайды.

Цифрлардың мұндай үлкен айырмашылығы іс жүзінде вирустың қаншалық жұқпалы екенін анықтау өте қиын екені арқылы түсіндіріледі. Медициналық микробиолог және геномика маманы Норелль Шерридің айтуынша, жұғу жылдамдығын бағалаудағы проблема ғалымдардың инфекция таралуы вирусқа және оның әлеуметтік факторларға байланысты болған уақытын анықтай алмауында болып тұр. Себебі бұл жекелеген елдердегі қауіпсіздік ережелері сақталуына байланысты.

Кейінгі апталарда бірнеше алдын ала есеп пен эпидемиологиялық бақылау жаңа нұсқаның әсерін жақсырақ анықтауға көмектесті, олардың кейбіреуі бойынша, трансмиссивтіліктің, шамамен 50% жоғарылауы болжанады.

Лондондағы гигиена және тропикалық медицина мектебі зерттеушілері әртүрлі математикалық модельді сынап көрді. Бұл олардың қайсы Ұлыбританияда байқалған жаңа расталған жағдайлардың санын жақсы болжайтынын білу үшін керек. Олардың әлі эксперт бағасын алмаған зерттеуі жаңа штамның 56 процент жұқпалы екенін анықтады.

Ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығы ғалымдары COVID-19-дың британ штамы туралы кейінгі зерттеуінде B.1.1.7 таралуы барлық инфекция арасында 0,5%-ке тең, сондықтан вирустың бұл түрі қолданыстағы нұсқаларға қарағанда 50% көбірек тасымалданады деп болжады. CDC модельдеу деректері жаңа жағдайлар санын едәуір азайту үшін кеңінен қолдану және салдарын жұмсарту, вакцинация шараларын қатаң сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. 

Ұлыбританияның COVID-19 штамы туралы көптеген мәлімет болғанына қарамастан, әлемдік ғылыми қоғамдастық өкілдері осы вирустың көбеюінің нақты процентін анықтау үшін қосымша зерттеу жүргізу керек екенімен келіседі.

Мәлімдеме: “Былтыр вирус жұқтырғандардың көбі [азаматтар арасында] 1980 жылдан бері қарай туғандар болса, биыл ол 1990 жылда туғандардан басталады. Мектепке дейінгі жастағы науқастар саны екі есе артты. Ауырған мектеп оқушылары саны үш есеге жуық өсті. Бұл қасиеттер жаңа штамның өте жұқпалы екенін көрсетеді”

Жандарбек Бекшин

Үкім: Үкім жоқ

Коронавирустың жаңа түрі балаларға шынымен де жұқпалы, бірақ қауіпті емес. Балаларда вирустың жаңа түрі көбінесе жеңіл және орташа түрде өтеді, ауыр жағдайлар сирек кездеседі. Бұл ақпаратты халықаралық зерттеулер бірнеше рет растады. Дегенмен Қазақстанның мемлекеттік порталдарында коронавирус инфекциясы анықталған балалар саны туралы ашық статистика жоқ.

Осыған байланысты COVID-19-дың британ штамымен ауыратын балалар статистикасына шолу жасауға шақырамыз.

ЮНИСЕФ бүкіл әлемде 18 жасқа дейінгі балалардың COVID-19 дерегі шамамен 8,5%-ке (10 миллионнан астам) тең және «басқа жас топтарымен салыстырғанда өлімі аз» тіркелген деп хабарлайды. Дегенмен үлкен елдерде бұл цифрлар айтарлықтай өзгереді.

Американың педиатрия академиясы және балалар ауруханалары қауымдастығы мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 3,34 миллионнан астам балада COVID-19 анықталған. Жасы бойынша ауру туралы хабарлаған штаттардағы деректердің жалпы санының 13,3%-і – балалар. Сонымен бірге, балалар COVID-19-дан болған барлық өлімнің 0,00% -0,19%-не тең, ал 10 штатында балалар өлімі тіркелмеген.

Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы құрастырған коронавирус инфекциясы туралы кейінгі зерттеу бойынша, мектеп жасындағы балалар мен 35 және 49 жас аралығындағы азаматтарды қоспағанда, барлық жас тобында КВИ оң нәтиже көрсеткен адамдардың проценті өсті. Бастауыш класс балалары арасындағы көрсеткіш өсіп жатқан жоқ, бірақ бұл өзгеріс жақында ғана болды, сондықтан оларға сақтықпен қарау керек.

Қазір Ұлыбританияда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар ауырғандардың 2%-іне тең, 7 мен 11 жас аралығындағы мектеп оқушылары шамамен – 3%, ал 12 мен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер халықтың шамамен 3%-іне тең.

Мемлекеттік порталдарда өзекті статистиканың жоқ екеніне қарамастан, 29 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова 14 жасқа дейінгі балалардың инфекцияны жұқтыру деңгейі 0,7%-тен 10%-ке дейін, инфекцияны жұқтырған бір жасқа дейінгі балалар саны бес есе артқанын хабарлады.

Сонымен, оның айтуынша, наурыздың бірінші аптасында аурудың 10 дерегі көрсетілген, ал қазіргі уақытта ведомство 55-ке жуық деректі тіркеді. Сондай-ақ, ол басқа жас санаттарда ауру өзгеріссіз қалғанын айтты.

Factcheck.kz