BBC-де фейк жаңалықтар жайлы жаңа сериал шықты

Қыркүйектің 3-і BBC-да жалған ақпарат және видеоларды технологияның көмегімен бұрмалау жайлы жаңа сериал басталады. Бұл жайлы The Guardian хабарлады.

Алты бөлімнен тұратын сериал The Capture деп аталды. Сериалдың желісі бойынша британ солдатты ақпаратты бұрмалады деп айыптап, қылмыс жасағаны үшін кінә тағылады. Полиция офицері солдатқа жалған мен шындықтың ара жігін ажырату үшін көмектеседі.

Жоба авторы Бен Чаннанның айтуы бойынша сериал түсіруге екі нәрсе ықпал етті. Біріншісі бүгінде интернетте кез-келген ақпаратқа қолжеткізуге болады. Екіншісі, сот істерінде үкім шығару үшін видео-дәлелдердің маңызы артып келеді. Чаннан сериалды осы екі фактордың басын қосып, тәжірибе жасап көрді.

Оның айтуынша кез-келген видеоны арнайы бағдарламалармен өңдеп, мазмұнын өзгерту оңай. Мұндай жағдайда видеоның жалған немесе шын екенін дәлелдеу қиын.

Сериал BBC One арнасында кешкі 9-да басталады.

Factcheck.kz