Атырауда ажырасқан отбасы артып келе ме?

АПДЕЙТ, 16.11.2020: Жылдар бойынша келтерілген деректер өзгертілді.

– 2017 жылы 4 940 неке қиылып, 1 469 ажырасу (29,7%);
– 2018 жылы 5 032 неке қиылып, 1 495 ажырасу (29,7%);
– 2019 жылы 4 953 неке қиылып 1 481 ажырасу (29,9%) тіркелген.

Әр жылдағы сандар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбегендіктен, ажырасу көрсеткіші өспегенін көреміз. Сондықтан үкім сол күйінде қалды. Сандардағы қателік үшін кешірім сұраймыз.

BAQ.KZ сайты және қазақстандық бірнеше медиа Атыраудағы отбасылардың ажырасуы туралы ақпарат таратты. Материалда әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия деректеріне сүйенгені жазылған және жыл өткен сайын ажырасушылар саны артып келе жатқаны айтылған. Оқырманның өтініші бойынша жаңалықтың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексердік.

Биылғы 9 ай ішінде облыста 4638 неке және 1192 ажырасу тіркелді, бұл жалпы неке санының 25%-ы.

Материалдан үзінді.

Үкім: Жалған

Статистика комитетінің дерегіне сай, биыл 9 айдың ішінде Атырау облысында 3 240 неке тіркелген. Осы уақыт аралығында тіркелген ажырасулар саны – 305. Бұл – өңірде тіркелген некенің 9 проценті. Комиссия келтірген деректі қайдан алғаны бізге беймәлім.

Егер 2017 жылы ажырасу саны 1012 болса, 2018 жылы – 1058, ал 2019 жылы 1500-ге жеткен.

Материалдан үзінді.

Үкім: Манипуляция

Статистика комитетіндегі ашық деректерге сай, бұл ақпараттың қате екенін көреміз. Себебі, сандар керісінше сөйлейді және жыл өткен сайын ажырасушылар сан артпағанын байқаймыз.

  • 2017 жылы неке саны 3 652, ажырасу саны 1 114 (30,5%);
  • 2018 жылы неке саны 3 689, ажырасу саны 1 099 (29,7%);
  • 2019 жылы неке саны 3 744, ажырасу саны 1 121 (29,9%).

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz