Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Сағынтаевтың фейк аккаунтары пайда болды

Әлеуметтік желіде Бақытжан Сағынтаевтың атынан жалған аккаунттар пайда болды. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды NewTimes.kz. 

Баспасөз қызметі жаңа әкімнің фейк аккаунттарында жарияланған кез-келген ақпарат қала басшысының ресми ұстанымы емес екенін мәлімдеді.

«БАҚ, әлеуметтік желі қолданушыларын Алматы қаласының әкімінің ресми аккаунтарында Twitter, Facebook және Instagram жарияланған ақпаратты қолдануды сұраймыз» дейді әкімнің баспасөз қызметі. 

Қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram әкімшілігінен әкімнің аккаунтарын ресми тексеру жұмыстарын жүргізуде.