Adobe, New York Times және Twitter цифрлы әлемді өзгертеді

Adobe, New York Times және Twitter диджитал әлемге жаңалық еңгізбекші. Олар контент жасаушыларға өз өнімін сақтауға және бақылауға мүмкіндік беретін Content Authenticity Initiative атрибуция жүйесін жасады. Бұл жайлы NewsAdobe хабарлайды.

Авторлар мен баспашылар үшін контент атрибуциясын қамтамасыз ету мүмкіндігі интернеттегі сенім мен ашықтықты қалыптастыру үшін өте маңызды дейді жоба авторлары.

Осы жоба аясында Adobe авторларға және басылымдарға олар тарататын контентті верификациялауға мүмкіндік беретін жүйе әзірлемекші. Жүйе оқырманға материалдың түпнұсқасын анықтауға көмектекседі.

Twitter мен NYT-та бұл технологияға қызығушылық білдіріп отыр. Компаниялар цифрлы әлемдегі басқа компанияларды хабардар ету үшін өз платформаларында Content Authenticity Initiative жайлы ақпараттандырып, жобаны жарнамалайтын болады.

Бұл жалған ақпаратпен күресу үшін фактчекиң емес, “қол қою” жүйесіне негізделген алғашқы технология.

Factcheck.kz