Әдіснама | LinkedIn желісінде ақпаратты қалай іздеу керек?

    LinkedIn желісі кәсіби қарым-қатынасты реттеу үшін жұмыс іздеушілерге ғана пайдалы емес. Сайт тергеуші журналистер үшін де тиімді. Сайттан қажетті ақпаратты қалай табу керектігін Bellingcat айтады, ал біз сіздерге кейбір жерлері толықтырылған аудармасын ұсынамыз. (Айтпақшы, фейк аккаунттар желісі мен Тұңғыш Президент қорының арасында байланыс орнатуға дәл осы LinkedIn-дегі іздеу жүйесі көмектесті).

    Сонымен, LinkedIn-нен нені табуға болады:

    • Қызмет тізімі, білім беру, басқа адамдармен қатысы
    • Байланыс туралы ақпарат
    • Шамамен тұратын мекен-жайын
    • Фото
    • Қолданушының аты
    • Жеке сайттары
    • Жұмыс берушілердің сайты
    • Араласатын ортасы немесе қолданушының таныстықтары

    Сізді «ұстап алмас» үшін

    LinkedIn-дегі профайлдардың барлығы бірдей қолжетімді емес: кейбір қолданушылар өз аккаунттарын тіркелмеген юзерлерден жасырады. Сондықтан, толық ақпарат алу үшін платформада өз  аккаунтың болуы керек. Ары қарай «ұстап беретін» тәсіл бар: LinkedIn-де өз аккаунтыңа қонақ болғандарды көре аласың. Көріп қоймас үшін баптауларды өзгерту керек:

    1. Оң жақ жоғары бөлікте тұрған өз аватарыңның үстін шертіп, «Настройки и конфиденциальность» батырмасын таңдау
    2. «Конфиденциальность» баптаулар тізімінен «Параметры просмотра профилей» бөлімін таңдап, оны ашу
    3. «Режим конфиденциальностті» «Анонимный участник LinkedIn» деп таңдау

    Адамды қалай табуға болады       

    LinkedIn-де адамды табудың ең оңай тәсілі оның есімін «LinkedIn» сөзін қосып, сұранысты толықты жақшамен жауып Googlе жүйесінен іздеу. Петр Ивановтардың жағдайында басқа тәсілдерді іздеуге тура келеді: сіз білетін мәліметті жазып көріңіз – мекен-жайы немесе жұмыс орны. Немесе LinkedIn-де іздей алатын Pipl  және Spokeo секілді сайттарды пайдаланыңыз.

    Егер нәтижесінде сізге қажет Петр Ивановыңыз шықпаса, басқа тәсілдерді қолданып көрген дұрыс. Мәселен, сізде Петрдың e-mail поштасы болуы мүмкін.

    Электронды пошта бойынша іздеу

    LinkedIn баптауы бойынша сіздің профайлыңызды кез-келген адам пошта арқылы таба алады (мұны «Конфиденциальность» бөліміндегі профайлдың баптауларынан өзгертуге болады). Сол себепті логинденіңіз де, келесі сілтемені қолданып көріңіз ( Example@example.com орнына  керек поштаның атын жазыңыз):

    https://www.linkedin.com/sales/gmail/profile/viewByEmail/example@example.com

    Егер адам тіркелу кезінде осы e-mail-ды қолданған болса және стандартты баптауларды өзгертпеген болса сіз мынаған ұқсас профайлды көресіз:

    Профайлдың өзіне өту үшін адамның атын немесе LinkedIn логосын басыңыз.

    Осы тәсіл арқылы 2012 жылы LinkedIn, Dropbox және Formspring қолданушыларының жеке мәліметтерін ұрлаған ресейлік хакер Евгений Никулинді анықталған. Ол Jammiro Quatro есімді LinkedIn-профайлға апаратын chinabig01@gmail.com поштасының иесі. Аккаунттың өзінде қолданушының Ресейде екенінен басқа ақпарат болмады. Осы есім арқылы полицейлер Никулиннің соңына түсіп, LinkedIn-нен аккаунт пен оның иесі туралы қосымша ақпарат сұрап алуға көмектесті.

    Ішкі іздеу

    Ақпаратты LinkedIn-нің ішкі іздеу жүйесі арқылы да табуға болады. Ол үшін сұранысыңызды парақшаның жоғары жағындағы іздеу жолына енгізіңіз. Фильтрлерді қолданыңыз – аймақ, сала, білім беру, компания және т.б. Операторлар да бар: тақырыптардан іздеу үшін сұранысыңызға «headline:» сөзін, өтіл үшін – «yoe:» (years of experience), геолокация үшін – «geo:» сөзін қосыңыз.

    Бірақ өзіңіз фейк профайлды қолданып отырған болсаңыз, іздеу нәтижесі де соған сәйкес болады.

    Мұндай профайлдарды көру мүмкін емес: LinkedIn сіздің аумағыңыздағы профайлдар толығымен қолжетімді емес деп жауап береді. Оларды арнайы символдарды қолдана отырып, Google арқылы көруге болады. Мысал ретінде жоғарыда суреттегі құпия куклухуландықты алып, оның «қызметін» тырнақшаға аламыз, KKK grandwizard:

    site:linkedin.com “KKK grandwizard” rhode island

    Көріп отырғанымыздай Google бізге оның «есімін» анықтап берді – Klansmen Joe (қазір профайл қолжетімсіз).

    Қолданушының аты және байланыс туралы ақпарат

    Сонымен қатар, LinkedIn-профайлдың сілтемесіне назар салайық. Келісім бойынша ол дефиспен бөлінген есім мен тегінен, тіркелген кездегі мәлімет және рандом тәсілімен таңдалған әріп пен сандардан тұрады – мәселен:

    https//www.linkedin.com/in/jammiro-quatro-1a410656. Қолданушы оны ерекше есімге айналдырып, сілтемені өзгерте алады – https//www.linkedin.com/in/rossulbricht. Оны ары қарай Google-дегі  немесе жүздеген сайттан тұратын базасы бар KnowEm-дегі тергеу үшін қолдануға болады.

    Сонымен қатар «қолданушының профайлындағы «См.контакные сведение» бөлімін көру керек: онда e-mail, жеке сайттарға және әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сілтеме болуы мүмкін.

    Фото арқылы іздеу

    Егер профайлда суреті бар болса оларды TinEye және Yandex іздеу жүйелеріне салып көруге ерінбеңіз. Yandex фотоны тану бойынша, ол фильтрленген болса да, Google-дан асып түседі.

    Достардың достары

    Егер сіз жоғарыдағы амалдардың бәрін іске асырып көрдіңіз, бірақ Петр Ивановты бәрібір таба алмаған болсаңыз оның араласу ортасын қарап көріңіз. Әсіресе, аты танымал еместерін. Олардың әлеуметтік желідегі достарының тізімін қарапыз, мүмкін сіздің Ивановыңыз солардың арасында бар шығар. Facebook-та ол үшін скриптті қолдануға болады, сонымен қатар Bellingcat бар.

    Байланысты табу

    Егер сізді LinkedIn-дегі көптеген профайлдар мен олардың өзара байланысы қызықтырса The Endorser Python-скриптін қолданудың жөні бар. Ол нәтижені PDF түрінде береді.

    Дереккөз: Bellingcat

    Мекен-жайды кодпен табу

    Егер сізге Петровтың нақты қайда екені керек болса, ал профайлдағы мекен-жай жалпылама көрсетіп тұрса – елдің кодына мән беру керек.

    Ол үшін парақшаның оң жақ тетігін басып мәзірден «Посмотреть исходный код» батырмасын таңдаңыз. Одан кейін пошта индексін көру үшін Ctrl+F (Mac үшін: Command+F) батырмаларын қоса шертіңіз. Нәтиже шамамен былай шығады – postalCodе»:» [пошталық яндекс].

    Мәселен, Николай Тягло есімді біреу LinkedIn-аккаунтында өзін Вашингтондағы Ресей елшілігінің екінші хатшысымын деп сипаттайды. Оның мекен-жайы Washington, D.C. Metro Area (Вашингтон агломерациясына Вашингтоннан бөлек келесі штаттардың бір бөлігі қосылады – Мэрилэнд, Вирджиния және батыс Вирджиния). Оның профайлында көрсетілген пошта индексі Вашингтондағы Ресей елшілігінің индексіне сәйкес келеді. Николай Facebook, Twitter сынды әлеуметтік желілерде де белсенді. Оның достарының арасында ресейлік мемлекеттік қызметкерлер және олардың еркін отырыстағы фотолары бар.

    LinkedIn-де пошта индексін көрсетіп, одан нақты мекен-жайды табу қиын. Сіз индексті енгізгенде сайт белгілі бір локацияларды ғана береді.

    Бірақ пошта индексін көрсету міндетті емес: оны өткізіп жіберуге немесе жалғанын ойлап табуға болады. Никулинде солай болды: Jammiro Quatro-ның индексі – 346146. Ал Тяглоның екінші аккаунтында мекен-жайы көрсетілген (АҚШ), бірақ мекен-жайға қатысты басқа мәлімет жоқ еді.

    Бұдан басқа

    Бұдан басқа RocketReach және ContactOut секілді жүйелер бар.  Егер онда керек адамның LinkedIn-дегі профайлын енгізсе, олар әлеуметтік желілердегі профайлын, e-mail мен телефон нөмірлерін шығарып береді. Бірақ RocketReach-ті ешқандай із қалдырмай қолдану мүмкін емес: жүйе ақылы және тегін уақытша кезеңін қосу үшін сіз Gmail немесе Facebook арқылы тіркелесіз. Телефон арқылы верификация жасау қажет болуы мүмкін.

    Және, есіңізде болсын: профайлда жазылып тұрғанның бәріне сене беруге болмайды. Адам биографиясын толықтай ойдан шығаруы мүмкін. Мұндай жағдай өзін Пентагондағы Ресей бойынша сарапшымын деп таныстырған Дэвид Джубергке қатысты болған.


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.