Абаев : «Біз конструктивті диалогқа дайынбыз»

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан қалаларында өткен наразылық акциялары жайлы пікір білдірді. Ол «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог с Дауреном Абаевым» бағдарламасында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бағдарлама жүргізушісі Александр Трухачек «кеше ғана Қазақстанның бірнеше қалаларында халық наразылық акцияларын шықты. Шараның ауқымы әр қалада әр түрлі. ІІМ болған жағдайды түсіндіріп ресми баспасөз хабарламасын жариялады. Ішкі істер министрлігінің хатына алып қосарыңыз ба ма» деп министрге сұрақ қойды.

Абаев журналистке  «Халық наразылық шараларын ұйымдастырғаны рас. Митингтердің ешқайсысы рұқсат етілмеген. Оған қарамастан, наразылар ойын ашық айтып, әлеуметтік мәселелерге пікірін еш кедергісіз білдірді. Александр, мұндай оқиғалар бүкіл әлемде орын алуда» деп жауап берді.

Сондай-ақ министр, халықпен келіссөздер жүргізуге дайын екенін атты.

«Қазақстанда барлық әкімшілік өкілдері наразылардың алдына шығып, оларды тыңдады. Білесіз бе, біз конструктивті диалогқа дайынбыз. Оның үстіне, бірнеше адамдның агрессивті мінез-құлық танытқаннан кейін тұтқындалғанын мойындаймыз. Бірақ, тұтқындалғанға дейін оларға бірнеше ескерту жасалды. Бүгінде мұндай шараларды өткізуге заң жүзінде ешкім тыйым салмайтынын қайталап айтамын, тек жергілікті әкімдікке өтініш білдіру керек»

Мамырдың 1-і Алматы және астанада наразылық акциялары өтті. ІІМ дерегіне сай бірнеше сағатқа созылған митингте 80 адам тұтқындалды.

 

Factcheck.kz