9.11 | Ескірген Android смартфондарына шектеу, коронавирус, үкімет зейнетке шығу жасын қысқарта ма?

2021 жылы ескірген Android смартфондарда қорғалған сайттар ашылмайды. Бұл туралы engadget.com сайты жазды.

9.11 | Ескірген Android смартфондарына шектеу, коронавирус, үкімет зейнетке шығу жасын қысқарта ма?
Lyu Liang/VCG via Getty Images

Let’s Encrypt және IdenTrust “шифрланған сайттарды сертификаттауға арналған келісім” мерзімі 2021 жылы аяқталады. Осылайша, бастапқы сертификаты жоқ браузерлер ашылмайды. Cонымен бірге, https протоколын пайдаланатын кез келген сайттармен жұмыс істеу тоқтатылады.

Интернетте Let’s Encrypt сертификатын домендердің үштен бірі пайдаланады. Алайда, компаниялар келісім мерзімін ұзартуға келіспеді. Енді DST Root X3 алғашқы сертификаты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысын тоқтатады.

2016 жылдан бері жаңартылмаған смартфондарды қолдану кезінде қиындық туындауы мүмкін. Бұл санатқа Android 7.1.1 және бұдан да ескі нұсқаларында жұмыс істейтін смартфондар енеді.

Шамамен 33,8% Аndroid қолданушы Google Play-де 7.1.1-ден жоғары нұсқасын қолданады.

Үкімет зейнет жасын ұзарту туралы ақпаратты жоққа шығарды

Tengrinews порталында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚКХП депутаттарының зейнетке шығу жасын төмендету туралы сауалына жауап ретінде, керісінше, “оны ұзарту қажет деп” мәлімдеді деген ақпарат жарияланды. Tengrinews жариялаған материал тек әлеуметтік желіде ғана емес, өңірлік БАҚ-та да тарала бастады. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады.

9.11 | Ескірген Android смартфондарына шектеу, коронавирус, үкімет зейнетке шығу жасын қысқарта ма?

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі үкіметтің зейнетақы жасын көтеру мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеді.

Баспасөз қызметі премьер-министрдің жауабында Қазақстанда зейнет жасын одан әрі ұлғайту туралы ештеңе айтылмағанын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай мәселе бүгінгі күн тәртібінде жоқ екенін ескертті. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, БАҚ-та жарияланған “Қазақстанда зейнет жасын ұлғайту жоспарланып отыр” деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта Tengrinews сайтында жарияланған жаңалық өзгертілді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 млн адамнан асты

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 50,3 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, ал 1,25 миллион адам вирустан қайтыс болды. Сонымен қатар, 32,9 миллион адам вирустан айықты. Вирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ елінде.

  • АҚШ – 9,9 миллион,
  • Үндістан – 8,5 миллион,
  • Бразилия – 5,6 миллион,
  • Франция – 1,8 миллион,
  • Ресей – 1,7 миллион,
  • Испания – 1,3 миллион,
  • Аргентина – 1,2 миллион,
  • Ұлыбритания – шамамен 1,2 миллион,
  • Колумбия – 1,1 миллион,
  • Мексика – 961,9 мың.

Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 116 772. Вирустан айыққан адам саны – 107 843, ал қайтыс болғандар саны – 1857. Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 46-орында тұр. Азаттық радиосының мәліметінше, коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 37-орында болатын еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz