5 жылдан соң тараған фейк: Грузияда ресейлік туристерге шабуыл жасады

Грузияда ашуланған жастар ресейлік туристердің көлігіне шабуыл жасаған видеосы интернетте тарады. RTVI басылымының айтуынша бұл жайлы бірнеше БАҚ, оның ішінде ФАН агентігі хабарлады. Мақала дәстүрлі “ақпараттық дүрбелең” айдарында жарияланды. 

Бірнеше адам ресейлік нөмірі бар автокөлікті қоршап, оны өткізбеуге тырысқан. Жастар көлік салонында ілулі тұрған георгий лентасын көріп, ызаланған. Көлік жүргізушісі лентаны бұзақыларға беруге мәжбүр болды. Видео соңында жастардың бірі лентаны аяқ киім бауына байлап, оны “оккупация символы” деп атады.

©видео Daily Storm Live Youtube каналынан

RTVI ресейлік 20 басылымның жариялаған видеосын «ақпараттық дүрбелең» деп атады (бұл айдарда жалған немесе манипуляция мақсатында жазылған, түсірілген, таратылған материалдарға зерттеу жасалады)

Себебі, бұл видео осыдан бес жыл бұрын түсірілген еді. Бұл фактіге алғашқылардың бірі болып Daily Storm басылымы мән берді. Видео РЕН телеарнасында 2014 жылдың тамыз айында көрсетілген. 

Осыған қарамастан, кейбір басылымдар шабуылды егжей-тегжейлі “зерттеп”, Грузия шенеуніктерінің сөзін еске алды. Олар 2019 жылдың маусымында болған жаппай наразылықтан кейін ресейлік туристердің қауіпсіздігіне кепілдік берді. Алайда, басылымдар келесі жолы ресейлікті соққыға жығуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Көп ұзамай Грузияның ІІМ видеоның ескі екенін хабарлады.

Бұған дейін Ресей Грузиядағы жаппай наразылық акцияларын антиресейлік деп атап, елдер арасында тікелей рейстерді тоқтатты және туроператорлардан туристерді Грузияға жібермеуін сұрады.