3.12 | Apple-ге салынған айыппұл, Ұлттық банктің алаяқтар туралы ескертуі, WeChat Аустралия премьері хабарламасын неге өшірді?

iPhone-ның “жаңылыстыратын жарнамасы” үшін 10 миллион еуро айыппұл салынды

Италияның монополияға қарсы органы Apple-ге iPhone-ның жарнамасы үшін 10 миллион еуро айыппұл салды. Реттеуші орган Apple жарнамасында пайдаланушыларды iPhone-ның су астында қалдыруға болатыны туралы жаңылыстырады деп мәлімдеді.

Apple компаниясы iPhone 8, iPhone 8 Plus, iPhone XR, iPhone XS, iPhone XS Max, iPhone 11, iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max-қа қатысты маркетинг әдістерінде смартфондардың 30 минут ішінде 4 метр тереңдікке дейін су өткізбейтінін мәлімдеген.

Алайда Италияның монополияға қарсы органы жарнаманың бұрмаланғанын айтып, яғни, таза сумен жасалатын зертханалық зерттеулер кезінде ғана жарнама әдісі дұрыс екені түсіндірілмегенін хабарлады.

Сонымен бірге, реттеуші орган суға батқан смартфондарға кепілдік берумеуді әділетсіз деп санайды.

WeChat Аустралия премьер-министрі жариялаған постын желіден өшірді

Қытайдың WeChat әлеуметтік желісі Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисонның жариялаған постын желіден өшірді. Моррисон Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянның туиттер парақшасында жарияланған “фейк” суреті үшін Аустралиядан кешірім сұрауға шақырған еді. Бұл туралы ABC сайты хабарлады.

Қытай үкіметінің ресми өкілі Чжао Лицзянның туиттер парақшасында баланың мойнында пышақ тақап тұрған “аустралиялық” солдаты көрсетілген суретті жариялаған еді. Ал Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Қытайдан кешірім сұрауды талап етті. Сонымен бірге, фотоның жалған екенін айтып, желіден өшіруге шақырды.

3.12 | Apple-ге салынған айыппұл, Ұлттық банктің алаяқтар туралы ескертуі, WeChat Аустралия премьері хабарламасын неге өшірді?
Қытай үкіметінің ресми өкілі Чжао Лицзянның туиттер парақшасындағы сурет

Хабарламада айтылғандай, Моррисон танымал қытайлық мессенджерді пайдаланып, Қытай СІМ өкілі жариялаған постқа өзінің наразылығын білдірген. Премьер-министр Аустралияның әскери қылмыстар бойынша айыптарға «еркін, демократиялық және ағартушы ұлттар» секілді «адал және айқын түрде» тексеретінін айтқан.

Аустралия Премьер-Министрінің 1 желтоқсанда жариялаған посты келесі күні өшірілген. Хабарлама өшірілген жерге “фактілерді, тарихи оқиғаларды бұрмалайтын, қоғамды адастыратын сөздер, суреттер немесе видео бар” деп жазылған.

Телеарнаның хабарлауынша, Аустралия Үкіметінің аты аталмаған шенеунігі Моррисон постын Қытай үкіметінің бұйрығымен өшірілгені жайлы белгісіз.

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтар туралы ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық Банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді телефон қоңырауларды елемеуге шақырады. Белгісіз банктік шоттардың деректемелері қамтылған, кездейсоқ ақша алу мүмкіндіктері туралы хабарламалар көбіне алаяқтардың әрекет екені туралы ескертілді. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында хабарланды.

Шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық Банктен жеке тұлғаларға таратылмайды. Орталық банктер жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді: Ұлттық Банктегі банктегі шоттар тек ҚҰБ, екінші деңгейдегі банктер мен саны шектеулі заңды тұлғалардың операциясын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін. Осыған орай Қазақстан Ұлттық Банкінің жеке тұлғалардың құнды заттары мен банкнот, монеталарына қатысты инкассациялық (соның ішінде жеткізу, тасымалдау) қызметті атқармайтынын ескертеміз. Қазақстан Ұлттық Банкінен қаражат жіберу туралы өтініші бар күдікті хаттарды алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Ұлттық банк сайтындағы хабарламадан

Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің байланыс орталығына 1477 нөміріне хабарласуға болады (ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалу – тегін).

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz