3.11 | Туиттердің Трампқа күмәні, WhatsApp-тың жаңа функциясы, Біртанов қамауға алынды

Туиттер АҚШ президенті және президенттікке үміткер Дональд Трамптың жазбасын тағы да “жалған ақпарат болуы мүмкін” деп белгіледі. Трамп АҚШ Жоғарғы сотының Пенсильвания штатындағы дауыс беру туралы шешіміне қатысты пост жариялаған еді. Желі әкімшілігі бұлай Трампқа қатысты бірінші рет жасап отырған жоқ.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты республикалық партия өкілдерінің өтінішін қабылдамай, Пенсильваниядағы бюллетеньдерді жіберу мерзімін ұзартуға рұқсат берді.

Бұл туралы Трамп өзінің туиттердегі парақшасында Жоғарғы соттың Пенсильваниядағы дауыс беру туралы шешімін «өте қауіпті» деп атады.

“Бұл бізге бақылаусыз алаяқтық жасауға мүмкіндік береді және барлық заң жүйемізді бұзады. Бұл көшеде зорлық-зомбылық тудырады. Бір нәрсе істеу керек!”- деді Трамп.

Трамптың бұл жазбасында “даулы және сайлауға қатысты адастыруы мүмкін” деген белгі бар.

Трамп бірнеше рет әлеуметтік желілерді өзіне қарсы екенін білдіріп, саяси қарсыластарын қолдайды деп айыптады. Әлеуметтік желілер, соның ішінде туиттерде Трамптың айтқанын жоққа шығарады.

WhatsApp хабарламаны автоматты түрде өшіретін функция дайындап жатыр

Былтырдан бері WhatsApp белгіленген уақыттан кейін хабарламаны автоматты түрде жоюға мүмкіндік беретін жаңа функциямен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы желі әкімшілігінің сайтында хабарланды.

Пайдаланушылар жеті күннен кейін екі тараптың хабарламасын жоятын ережені орната алады. Өшірілетін хабарламалар жеке және топтық чатта да жұмыс істейді. Сонымен қатар, хабар алмасу функциясы барлық платформаларда WhatsApp пайдаланушылары үшін қол жетімді болады.

Қазіргі уақытта WhatsApp әкімшілігі өшіру уақытын таңдауға мүмкіндік беретіні туралы ақпарат жоқ. Әзірге, 7 күннен соң өшірілетіні белгілі.

Елжан Біртанов сот санкциясымен қамауға алынды

Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитеті 3 қарашада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Бұл туралы “Азаттық радиосы” жазды.

3.11 | Туиттердің Трампқа күмәні, WhatsApp-тың жаңа функциясы, Біртанов қамауға алынды
ФОТО: primeminister.kz
Елжан Біртанов

“Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановқа қатысты ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот Е.А.Біртановқа қатысты қамау түріндегі бұлтартпас жазасын қолдану шарасына рұқсат берді. Тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпарат айтылмайды” делінген хабарламада.

31 қазанда жергілікті БАҚ бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың “ақша жымқыру” фактісі бойынша ұсталғанын хабарлаған еді. ҚазТАГ агенттігі экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 миллион теңге қаржыны талан-таражға салды деген айыппен күддікке ілінгенін мәлімдеген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz