БҰҰ: Дүниежүзінде гендер зорлығына қатысты эпидемия әлі жүріп жатыр

БҰҰ-дың бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шарада сөйлегенде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсететіндерді айыптап, бүкіл әлемдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырды.

Бас хатшының айтуынша, дүниежүзінде әлі күнге дейін зорлыққа қатысты эпидемия жүріп жатыр. Оған қоса әйелдердің еңбекақысы дұрыс төленбейді. Бұл – адамзат үшін ұят нәрсе.

“Әйелдерге еңбекақысын берсе де, олар еркектерден аз алады. Еңбекақысына қатысты айырмашылық кем дегенде 12%. Бұл көрсеткіш елге, салаға байланысты одан көп болуы мүмкін”, – деді ол.

Антониус Гутерриштің сөзінше, қазір дүниежүзі бойынша миллиондаған әйелдер мен қыздар, қауымдастықтар, құқық қорғаушылар гендерге қатысты стереотирптеге қарсы шығып жатыр. Ол оларды қолдайтынын айтты.

Бас хатшы Ауғанстандағы әйелдердің жағдайына, сонымен қатар Гамбиядағы әйелдердің жыныс мүшелерін кесуді заңдастыратын парламенттік бастамаға тоқталды.

“Мен бұл ұсыныс қабылданбауы керек деп ойлаймын”, – деп қосты бас хатшы.

Factcheck.kz