«Зұлымдық империясы» деген тіркесті КСРО-дан шыққан математик ойлап тапты ма?

Желіде «зұлымдық империясы» деген тіркесті АҚШ-қа эмиграцияға кеткен, президент Рональд Рейганға жақын болған (ғалымның теориялары Кеңес Одағының құлағанына ықпал еткен болуы мүмкін екені де айтылады) совет психологы және математик Владимир Лефевр ойлап тапқаны туралы ақпарат тарап жүр.

Factcheck.kz редакциясы «Танымал сөз тіркесінің авторы расымен Лефевр ме?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Математик және клише 

Ғалым мен президент сөзі туралы оқиғаны әртүрлі дереккөздерден оқуға болады.

«1974 жылы танымал совет психологы және математик Владимир Лефевр АҚШ-қа эмиграциялады. Сол жақта батыс және батыстық емес қоғамды анықтайтын екі этикалық жүйенің бар екені туралы теориясын зерттеуді жалғастырды», — деп жазады «Толкователь» Telegram-каналының авторлары.

«Лефевр КСРО-ынң құлауына көп ықпал етті. Рональд Рейганмен біршама рет байланыспақ болған соң, оның арнайы көмекшісі Джек Метлокқа шықты және Америка президентінің кеңесшілеріне өзінің жаңалығын жеткізді — совет көшбасшылары басқа этикалық жүйеге жатады және АҚШ-тың жетістігі үшін олармен ресми келісімдер жасаудан бас тарту керек. Оның орнына совет жоғары шенді тұлғаларымен (орыстармен) келісіп, оларға сыртқы саясаттағы жеңістері үшін шегіне отырып “өз халқын алдауға” көмектесіп отыру керек», — деп жазылған жазбада.

«Лефеврдің ұсыныстарына негізге ала отырып, америкалықтар 1980 жылдары Кремльмен келіссөздер жүргізу стратегиясын қайта жасады. Рональд Рейган қолданған “Зұлымдық империясы” деген тіркесті біздің отандасымыз Владимир Лефевр ойлап тапқан», — деп жазады «Толкователь».

Осыған ұқсас мәлімдемелерді X әлеуметтік желісінен, «Живой журнал», Liveinternet.ru сайтынан кездестіруге болады.

Лефевр не туралы жазды?

Ғалымның «Новая газета» басылымында жарияланған өмірбаянын келтірейік.

«Владимир Лефевр әлеуметтік психолог, философ, математик. Ирвайндегі (АҚШ) Калифорния универистетінің профессор-зерттеушісі. Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. Ресейдегі бірнеше ғылыми-зерттеу мекемесінде жұмыс істеген. Теориялық психологияның негізін қалаушылардың бірі. Ол алғаш рет адамның санасына байланысты іс-әрекетінің математикалық моделін жасаған. Мысалы, “Ар-ождан алгебрасы” еңбегінде Лефевр жақсылық пен зұлымдық категорияларына негізделген заңдар бар екенін қарастырған. Бұл модель оған адамның моральдық таңдауын көрсететін екі этикалық жүйені анықтауға мүмкіндік берген. 1974 жылы АҚШ-қа эмиграциялаған. Кетпес бұрын Кеңес одағында “Шиеленісуші құрылымдар” (1967, 1973 жылы қайта шыққан) және “Шиеленіс алгебрасы” (1968, Георгий Смолянмен бірге жазған) еңбектерін жариялап үлгерген».

«Зұлымдық империясы» деген тіркесті КСРО-дан шыққан математик ойлап тапты ма?
Владимир Лефевр

Этикалық жүйелермен аздап болсын танысып кетуіміз керек екені сөзсіз. Ол мұны «Ар-ождан алгебрасы» еңбегінде сипаттаған (1982 ж, үзінділері мына жерде бар және біз оған әлі тоқталамыз). Қысқа, қарапайым және кең аудиторияға арнап түсіндіру үшін біз ашық дереккөзден 1984 жылы шыққан «Время и мы» халықаралық әдебиет және қоғамдық проблема журналының сканерленген нұсқасын таптық. «Ар-ождан алгебрасы немесе екі этикалық жүйе» атты мақалада Владимир Лефевр өзінің ғылыми тұжырымын түсіндіреді. Ол «адам санасының екі түрлі ерекшелігі бар екенін көрсеткен» математикалық модель туралы айтады.

Бірінші этикалық жүйеде зұлымдық пен жақсылықтың бірігуі жағымсыз жағынан сипатталады. Мақсат әрекетті ақтап алмайды. Бірақ бұл жүйеле жағымды индивид келісімге ұмтылады екен. Яғни, «мақсат — әрекет» деңгейінде — бөліну; «адам — адам» деңгейінде — келісім. Екінші жүйе одан бөлек. Мақсат әрекетті ақтап алады. Жақсылық пен зұлымдықтың бірігуінің өзі жақсылық, алайда жағымды индивид басқа индивидтермен конфронтацияға ұмтылады… Біз бұларды арнайы тәжірибелер арқылы тексеріп көрдік. Онда біз америкалықтарға және елге жуырда келген эмигранттарға бір жағынан зұлымдық пен жақсылықтың бірігуін, екінші жағынан шиеленісті жағдайдағы әрекетті бағалауды талап ететін сұрақтар қойдық. «Адам кінәсі жоқ сотталушыны түрмеден құтқару үшін сотта өтірік айта алады ма?» деген сұраққа америкалықтардың көбі «Жоқ» десе, бұрынғы совет азаматтарының көбі «Иә» деп жауап берді. «Конкурс емтиханында жақын досыңа шпаргалка беруге бола ма?» Совет азаматтарының көбі «Иә, әрине» деп жауап берсе, америкалықтардың көбі «Әрине, жоқ» деп жауап берген.

Владимир Лефевр жазбасынан

Лефевр мен Рейган 

Осы материалды жазу барысында бізді қызықтырған тағы бір мәселе — Владимир Лефеврдің президент Рональд Рейганмен немесе оның айналасындағылармен байланысы болды ма (мұнымен біз эмигранттың ғылымға қосқан үлесін жоққа шығармаймыз)?. Біз ғалымның өзінің жаңалығын айту үшін президент көмекшісі Джек Метлокпен байланыса алғанына дәлел таптық. Бұл туралы 1997 жылы «Русский журнал» басылымына берген сұхбатында Лефевр өзі айтады.

Сұхбатта «Ар-ождан алгебрасы» деген абстрактілі теорияның Америка әкімшілігінің саяси тәжірибесіндегі нұсқаулыққа қалай айналғаны туралы сұхбатқа ол былай жауап береді:

… Екі этикалық жүйе туралы үлкен еңбекті аяқтадым. Оны Journal of Mathematical Psychology журналы қабылдады. Қолжазбасын көп адам оқыды және әр адам теориядан өзін көрді: олар өзінің қай этикалық жүйеге жататынын анықтауға тырысып жатты. Содан «Кеңес Одағы тұрғындарына совет мәдениетінің екінші этикалық жүйеге негізделгенін неге айтып бермеске?» деген ой келді. Бұл оны біріншісіне итермелемей ме? «Америка дауысымен» байланысып, қысқа сұхбат бердім. Резонанс болды, атым мемлекеттік департаменттегілерге танылды. Түбінде Рейганның өзін тартуды мақсат еттім.

Назар аударсаң, бұл сатыда ешбір америкалық «қызметтер» жоқ, тек жеке энтузиазм бар. Америка пропагандасының сипатын өзгерту арқылы, яғни, оны коммунистік доктринаның моральды аспектісіне бағыттау арқылы коммунистік идеологияны тоқтату мүмкіндігі бар екенін түсіндім. Әрі коммунистік доктринамен күреспеу керек екені, оны күлкілі етіп, «сәннен шығару керек» екені анық байқалды. Сол кезде оны ескірген киім сияқты лақтырып жібереді.

Людмила Фостермен бірге кейін үш жыл бойы Кеңес Одағына тараған керемет бағдарлама жасадық деп ойлаймын. Оның ағылшынша нұсқасы, мен күткендей, Рейганның көмекшісінің көңілінен шығыпты. 1982 жылдың аяғында сол кезде жап-жас жігіт болған, бірақ Рейганның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Джон Ленчовский кездескісі келетінін жеткізді. Кездесу Мемлекеттік департаменттің Еуропа бөлімін басқарған Марк Палмердің кеңсесінде өтті. Үшеуіміз коммунистік идеологияны жою мүмкіндіктері туралы жаңа идеяны талқыладық.

Владимира Лефевр сұхбатынан

Түзету: Шын мәнінде, Джон Ленчовский Рейганның совет істері жөніндегі бас кеңесшісі болған. Роберт Макфарлейн АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды

Ғалым біз тксеріп отырған негізгі мәселе туралы былай дейді.

Жоспарым іске аса бастады. Ақ үй сарапшыларына екі этикалық жүйе туралы қысқа меморандум дайындадым. Кейін Рейган сөз сөйлеп, Кеңес Одағын зұлымдық империясы деп атады. Бұл тіркес үшін мен жауапты емеспін және оны мәтінге кімнің қосқанын да білмеймін. Бәлкім, Рейганның өз сөзі шығар. Қалғанының бәрі «Ар-ождан алгебрасы» аясында болды.

Владимир Лефевр сұхбатынан

Осылайша, Лефевр «зұлымдық империясы» деген тіркеске қатысы жоқ екенін тікелей айтып тұр.

Зерттеп отырған тақырыпқа тікелей қатысты болмаса да, «Ғалымның кітабының президентке немесе оның спичрайтерлеріне әсері болды ма?» деген сұрақты да қарастырып көрдік.

Ғылыми негізде және философиялық-публицистикалық сипатта жазылған «Ар-ождан алгебрасы» еңбегінде біз бұған ұқсас тіркес таппадық. Бірақ біздің назарымызға басқа тіркес ілінді.

Совет идеологиясын анализдей келе, ешқандай зұлымдық пропагандасын таппаймыз. Керісінше, совет идеологиясы жақсылық декларациясына толып тұр… Совет идеологиясы христиан идеологиясынан несімен ерекшеленеді? Жауап мынада: христиан идеологиясы зұлымдыққа тыйым салуға; ал совет идеологиясы жақсылық декларациясына негізделген.

Владимир Лефевр, «Ар-ождан алгебрасы»

Лефевр еңбегінде христиан идеологиясы деп батыс этикалық моделі айтылған. Бұл тұрғыдан алғанда, автордың мәтінінен ғалымның еңбегінен алыс кеткен “evil empire” тіркесін көрмей қалуымыз мүмкін емес. Ғалым екі әлемнің біреуін қаралауды емес, екеуін салыстыруды мақсат еткен (Лефеврдің саяси көзқарасы белгілі екеніне қарамастан, кітаптан автордың ғылыми пікірлерінің идеологиялық сипатталу белгілерін көрмедік).

Танымал сөз

Бізді қызықтырған тіркесті басқа қырынан да қарап көрейік деп шештік. Сонымен, Рональд Рейган 1983 жылы 8 наурызда Флорида штатындағы Орландо қаласындағы ұлттық евангелистер ассоциациясының съезінде сөз сөйлеген. Онда ол «тарих фактілерін және зұлымдық империясының агрессиялық амалдарын жоққа шығармауға» және зұлымдық пен жақсылық күресінен қалыс қалмауға шақырады.

2000 жылы америкалық журналист Фрэнк Ворнер Morning call газетінде қызық факт келтіреді (оның авторлық сайтының архив материалдарының сілтемесі мына жерде, мәтіннің түпнұсқасын таппадық).

1982 жылы көктемде президент өз сөзінің тізгінін сезінді. Оның британ парламентіне қарата айтқан бірінші жобасында Совет одағы «әлемдегі зұлымдық империясы» деп аталған. Мәтін оған ұнады. Бірақ парламент бұл сөзді естіген жоқ. Калифорния штаты, Сими Вэллидегі Рональд Рейган Президент кітапханасындағы құжаттарға сәйкес, америкалық дипломаттар және Рейганның кеңесшілері оның сөзін тазалап, өткір жерлерін алып тастаған.

Фрэнк Ворнердің Morning call газетіндегі материалынан

Лефеврдің сұхбатынан Рейганның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Ленчовскиймен кездесуі 1982 жылдың аяғында болғанын білеміз. Рейганның британ парламентінде 1982 жылғы  8 маусымда сөз сөйледі (Ворнер айтқандай, көктемде дайындалған).

Фрэнк Ворнердің жазбасына оралайық: журналист басқа да деректер келтіреді.

9 айдан соң Рейган Флорида штатындағы Орландо қаласында сөз сөйлеп, Лондонға дайындалған мәтініннен алынып қалған үзінділерді айтады. Оның Орландодағы сөзі енді «Зұлымдық империясы сөзі» (Evil Empire Speech) деген атпен танымал.

Фрэнк Ворнердің Morning call газетіндегі материалынан

Осылайша, журналист президент сөзіндегі «зұлымдық империясы» тіркесі мәтіннің мағына жағына жақын басқа нұсқаларынан алынғанын меңзейді.

Politico басылымы америкалық биограф Лу Кэннонның «Президент Рейган: ең үлкен рөл» кітабына сілтеме жасап танымал тіркес туралы былай деп жазады.

Бұл тіркесті Рейганның бас спичрайтері Энтони Долан ойлап тапқан. Долан 1982 жылы Британ парламентінің алдында сөйлеген сөзінің жобасын да жасаған. Бұл Рейганның «зұлымдық империясы туралы» бірінші сөзі аталып кеткен.

Politico материалынан

Фрэнк Уорнер өз басылымында Доланның жазбаша сөйлеген сөздерін өзінің сөзі деп санамайтынын атап өтеді.

«Бұл президенттің сөздері», – деді ол (Долан – ред.) Зұлымдық империясы туралы сөзінде. «Мен тек шимайын жаздым. Президент сөз сөйледі»

Үкім шығаруға қажет ақпаратты жинадық-ау.

Үкім: Жалған

Ашық дереккөздерден Рональ Рейганның 1983 жылғы танымал сөзінде айтқан «зұлымдық империясы» тіркесінің авторы психолог, математик Владимир Лефевр екеніне дәлел таппадық. Бұл тіркес (нақтырақ айтқанда, осыған ұқсас мағынасы) Лефевр Америка президентінің айналасындағы адамдармен байланыспай тұрып ойластырылғанына дәлел бар.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz