Жолдауға фактчек: жекеменшік мектепке қанша қаржы бөлінді?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасады. Жолдау барысында президент еліміздегі жекеменшік мектептер туралы да айтты. Factcheck.kz редакциясы оның дерегін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Дәлелденбеген және шындық

Не дәлелденбеді: ресми дереккөздерден жекеменшік мектептерде оқитын бала саны туралы соңғы мәліметтерді таппадық. Ұлттық статистика басқармасының сайтында 2022 жылға арналған ақпарат бар, оған сәйкес 551 мемлекеттік емес мекемеде 170 146 бала білім алған. 2023 жылғы қыркүйекте «”Азаттық” радиосы» білім министрлігіне сілтеме жасап, 675 жекеменшік мектепте 200 мыңға жуық бала оқитынын жазды.

Несі шындық: білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасына сәйкес, 2024 жылы жеке орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға 182 895 мың орынға 133,9 млрд теңге қарастырылған. Келер жылы 184 216 мың орынға 138 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz