Желіде бірнеше жылдан бері жапондар 700 жылдан бері ағашты кеспей-ақ сүрек (ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі) дайындайтыны туралы ақпарат тарап жүр. Олар «жаңа балқарағай ескісінде өсіріліп, ерекше тәсілмен ескінің бұтақтарын кесетін» дайсуги тәсілі қолданылатынын айтқан. Дереккөздің айтуынша, ағаш өсірудің ерекше техникасы XIV ғасырда пайда болған. Хабарлама қызық «фактілерге» арналған парақшалардың арқасында әлеуметтік желі мен мессенджерлерде (Instagram: 1, 2 ,3 ,4; Facebook: 1, 2, 3, 4; X (бұрынғы Twitter): 1, 2; VK: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, Telegram: 1, 2, 3, 4, 5, 6), басқа көптеген ресурстарда, БАҚ (1, 2) пен форумдарда кең тарап кетті. Сондай-ақ бұл тәсіл туралы көптеген уеб-блогта (1, 2, 3) айтылған. Олардың көбі дайсуги туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген Wrath of Gnon есімді пайдаланушының танымал туитіне сілтеме жасаған.
Жапондар шынында дайсуги техникасының арқасында 700 жылдан бері ағаш кеспей келе ме деген сұраққа Factcheck.kz редакциясы жауап іздеді.
Үкім: Манипуляция
Жапондық дайсуги техникасы, расында, болжам бойынша, 14-15 жүзжылдықта пайда болған. Дегенмен тәсіл жалпы сүрек жетіспеуі және оны сақтау мақсатында «sugi» деп аталатын, жапон тілінен аударғанда «балқарағай» деген мағынаны білдіретін Криптомерия ағашының жапондық түріне ғана арналған. Бұл техниканың бар екені жапондар толықтай ағаш кесуден бас тартты дегенді білдірмейді. Уақыт өте келе дайсугидің танымалдығы төмендеп, зерттеушілердің пікірінше, қазір бұл техника мүлдем пайдаланылмайды.
Осыған ұқсас pollarding (ағаш бұтағын кесу, Ежелгі Рим кезінен бар) және coppicing (төмендіңгекті өскін шаруашылығын жүргізу, болжам бойынша, тарихтан бұрынғы заманда қолданылған) техникалары бар.
Болжам бойынша, дайсуги концепциясы әлеуметтік желілерде үш жыл бұрын X желісіндегі Wrath of Gnon есімді пайдаланушының жариялымынан кейін танымал бола бастады. Оны бірнеше уеб-блог «дайсуги-энтузиаст» деп атаған. 2020 жылы оның туиті 18 мың лүпіл мен 6 мың ретуит жинаған. Сонымен қатар, туиттің танымал болуына байланысты кей ғылыми мақалалар да оған сілтеме жасаған (1, 2).
Sustainable forestry: lumber without cutting down trees. Daisugi is a Japanese forestry technique where specially planted cedar trees are pruned heavily (think of it as giant bonsai) to produce "shoots" that become perfectly uniform, straight and completely knot free lumber. pic.twitter.com/5ULYOmCkLp
— Wrath Of Gnon (@wrathofgnon) April 15, 2020
Бәрі сілтеме жасаған пайдаланушының өзі жапондар 700 жылдан бері ағаш кеспейтіні туралы ештеңе айтпағанын ескерте кетейік.
Толығырақ: тәсіл мен қолданысы
Дайсуги (ағыл. dai-sugi, яп.台杉) — Криптомерия ағашының (оны sugi деп те атайды) жапондық түрін өсірудің ерекше техникасы. Жапон тілінен аударғанда dai – «платформа, үстел, беті», «sugi» – «балқарағай» дегенді білдіреді. Болжам бойынша, Киото қаласына жақын маңдағы Китаяма аумағында пайда болған.
Үндістандағы Бау-бақ ғылымдары университетінің шағын шолу мақаласында дайсуги тәсілі былай сипатталады: негізгі діңгектен бірнеше бұтақ кесіп алынып, қалған бұтақтан тік, ұзын сабақ өсіп шығады, солардан сүрек жасалады. Нәтижесінде ағаштың негізі сақталып, тамыр жая береді және мінсіз тік бұтақтары бар ашылып тұрған алақан тәрізді көрінеді. Дайсуги техникасы сақталған жағдайда тік әрі жіңішке сүрек пайда болады.

Duzce University түрік университетінің зерттеуі бойынша, дайсуги техникасы сол кезде сиреп бара жатқан суги ағашын сақтау мақсатында 14 ғасырда ойлап табылған. Оның арқасында жапондар ағаштарды кеспей-ақ, көп сүрек жасауға мүмкіндік алды. Зерттеу авторларының айтуынша, 700 жыл бұрын сугиден жасалған сүрек жапондар арасында аса танымал болды: оны сол кезде кең тараған шай салтанатына арналған бақтар жасауға пайдаланған және ол жиі болатын тайфунға төзімділігімен ерекшеленген. Бұдан бөлек, сугиден жасалған сүрек құрылымының тегістігі, өңделуі, түсінің жайлы болуы мен исінің арқасында үйдің бөренесі, шатыр тіреуіші мен түрлі тақталар жасауға ыңғайлы болған.
Осака Санджу университетінің зерттеушісі Юкиро Вагай Жапониядағы орманды қалпына келтіру туралы зерттеуде жапон Криптомериясынан жасалған сүректі пайдалануды тереңірек түсіндірген. Ол екі түрге бөледі: taruki – шатырға арналған тіреуіш және maruta – бөрене. Криптомерия бөренесі де екіге бөлініпті: nami-maruta – беті тегіс қарапайым бөрене және shibori-maruta – ойыс-дөңес өрнегі бар, беті ирек бөрене. Кейінгісі жоғары бағаланады және қарапайым бөренеге қарағанда қымбат, себебі әр өрнек ерекше. Жапонияда shibori-maruta ежелден шәй бөлмелері немесе гүл композициялары, картиналар мен антиквариат қойылатын қонақ бөлмелеріндегі самалжайдың (беседка) тірегін жасау үшін пайдаланылған.

Желіде танымал болғанына қарамастан, бүгінгі күні дайсуги техникасы орман шаруашылығында пайдаланылмайды. Зерттеушілер 70-ші, 90-шы жылдардың өзінде-ақ кейінгі 50-100 жылда дайсуги тәсілі қолданылмайтынын айтқан (1, 2). Дегенмен климаттың өзгеруі мен экологиялық өмір салты танымал бола бастағандықтан, дайсуги концепциясы қайта адамдардың қызығушылығын тудырған тәрізді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.