«Укрпошта» СС ардагері Ярослав Гунька бейнеленген марка шығарғаны рас па?

Канада парламентіне қателесіп «Галичина» СС дивизиясы ардагері Ярослав Гунька (Yaroslav Hunka) шақырылып, арты дауға ұласқаннан кейін әлеуметтік желілерде Украинаның пошта қызметі Гунька бейнеленген марка шығарады деген ақпарат тарады (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7). Кей кремльшіл БАҚ бұл – пошта ұсынған марканың нобайы деп жазды (1, 2, 3).

«Укрпошта» СС ардагері Ярослав Гунька бейнеленген марка шығарғаны рас па?
Тараған марка туитінің скриншоты

Factcheck.kz редакциясы мұндай марка бар ма деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Фейк

«Укрпоштаның» сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында мұндай марка жоқ, ал штрих-код бойынша іздесек, басқа суреті бар марка шықты. Яғни бұл суреттер (екеу ғана) – «Украинадағы нацистер» туралы пропагандалық пікірді өршіту үшін жасалған амалдардың бірі.

Толығырақ

Марка туралы жаңалық 26 қыркүйекте Z-парақшаларда (1, 2, 3, 4, 5), содан кейін БАҚ-та (1, 2, 3) пайда болды. Жариялым авторлары әлдебір әлеуметтік желілерге сілтеме жасаған, бірақ алғашқы дереккөзін ешкім көрсетпеген. Барлық постта тек екі сурет қана салынған: біріншісін адам қолмен ұстап тұр, болжам бойынша, «Укрпошта» кеңсесінде түсірілген, екіншісі – Украина туымен түстес дәл сол ашықхатқа жабысқан марканың суреті. Екінші суретте жеке штрих-код көрінеді, біріншісінде ол анық емес болатын. Сол арқылы тауар туралы барлық ақпаратты алуға болады.

  • «Укрпошта» СС ардагері Ярослав Гунька бейнеленген марка шығарғаны рас па?
  • «Укрпошта» СС ардагері Ярослав Гунька бейнеленген марка шығарғаны рас па?

Barcode Lookup қызметін пайдаланып біз Ярослав Гунька бейнеленді делінген марканың штрих-кодын тексеріп ек, мүлдем басқа сурет шықты (төменде). Бұл сурет «Укрпоштаның» сайтында да бар.

«Укрпошта» СС ардагері Ярослав Гунька бейнеленген марка шығарғаны рас па?

Оның фейк екенін дәлелдеп тұрған тағы бір жайт – сурет жабыстырылған марка мен ашықхат бір ивенттің дайын суреті. Зеленский мен фонда қол соғып тұрған басқа да адамдардың фотосы дәл сол Канада парламентіндегі отырыста түсірілген (авторы: Патрик Дойл). Гуньканың портретін де сол жерден кесіп алған. Киім үлгісі (сұр пенжек пен өрнегі бар қызыл жейде) парламентке киген гардеробымен бірдей болып тұр.

Осы жерде қызық дерекке назар аудара кетейік. Ресейлік журналист Руслан Осташко мен «Наблюдатель» аноним Telegram-арнасы 26 қыркүйекте марканы дау-дамайға байланысты интернет-дүкендерден сатылымнан алып тастағанын мәлімдеді (1, 2). Бірақ жанжал суретті Associated Press жариялағаннан кейін бірден, 23 қыркүйектен 24-не қараған түні басталды. Осындай қысқа мерзім ішінде марканы ойлап тауып, тираж шығарып, сатуды бастап, содан кейін саталымнан алып тастап үлгергені күмән тудырады. Оған қоса, бұған дейін айтылғандай, фейк таратқан кей ресурстар «марка нобайы» туралы нұсқаны жазған. Ол «сатылымнан алынғаны» туралы мәлімдемеге қайшы келіп тұр.

Контекст

22 қыркүйекте Владимир Зеленский Канада парламентінде сөз сөйледі. Сол жерге СС «Галичина»14-ерікті жаяу әскер дивизиясының 98 жастағы ардагері шақырылған. Канада парламенті Қауымдар палатасының спикері Энтони Рота оны «кезінде Ресей басқыншыларынан Украинаны қорғаған және қазір де сарбаздарды қолдауын жалғастырып келе жатқан Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы» деп таныстырды. «Галичина» бөлімшесін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде СС-пен серіктес болды деп айыптайтынын еске сала кетейік. Осылайша, «СС ардагеріне» қол соғып тұрған Зеленский бейнеленген видео бірден желіде тарап кетті. Энтони Рота оқиғаны өз жауапкершілігіне алып, канадалық саясаткерлердің де, Украина тарапының да ештеңеден хабары болмағанын айтып, кейінірек отставкаға кетті.

Бұл Украинадағы пошта маркаларына қатысты алғашқы дезинформация емес. Олардың бірі осы оқиға кезінде қайта шықты. 25 қыркүйекте жанжал енді басталған кезде, бірақ Ярослав Гунка бейнеленген маркалар туралы ақпарат шықпай тұрып әлеуметтік желілерде «Галичина» суреті бар маркалар туралы ескі манипуляция ақпараттар қайта шықты. Stopfake.org жуналистері бұған дейін мұндай хабарламалардың жалған екенін жазған. Мұндай маркаларды шынында 2018 жылы сатып алуға болатын еді, бірақ бұл бастама шектеулі данасын шығарған «энтузиастар тобына» тиесілі

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz