Тоқаев жасыл облигацияға жұмсалатын қаржы туралы айтқанда шатасты ма?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте дәстүрлі жолдауын жариялады. Мәлімдеме барысында ол бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар жасыл облигация тақырына да тоқталды. Factcheck.kz дәстүрлі түрде Тоқаевтың сөздері қаншалықты рас екенін тексеріп, нәтижесін ұсынады.

Мәлімдеме: Жетекші экономикалар үшін «жасыл» қаржы тарту ісінің маңызы арта түсуде. Өткен жеті жылда жер жүзінде «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаражат жұмсалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындыққа жақын

Жолдауда «ESG принциптері» туралы сөз болды. Бұл – бағалы қағаздарды таңдау кезінде экологиялық,әлеуметтік және басқару (Environmental, Social, Governance) факторларын негізге алатын жауапты инвестициялау. «Жасыл» нарықтағы өзгерістерді Climate bonds initiative халықаралық ұйымының сайтынан бақылап отыруға болады. Платформа ESG-облигациялардың жиынтығы – «жасыл», «әлеуметтік» және тұрақты даму мақсатында шығарылған басқалары бойынша деректерді ұсынады. Осылайша, Climate bonds initiative ақпараты бойынша, 7 жыл ішінде «жасыл облигацияға» екі триллион АҚШ долларынан сәл асатын (2,053 трлн) қаржы жұмсалған.

9 жыл ішінде ESG-ге бағытталған жалпы сома — 3078,8 млрд доллар. «Жасыл облигацияға» — 2156,4 миллиард доллар, «әлеуметтік облигацияға» — 653,6, «тұрақты даму мақсатында шығарылатындарға» — 268,8 миллиард доллар жұмсалды.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz