Тәліптер Иранға соғыс ашқаны рас па?

2023 жылдың 28 мамырында жергілікті және шетелдік медиада тәліптер (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым – ред.) Иранға соғыс жариялағаны туралы ақпарат тарады. Хабарды бірнеше қазақстандық (1234567), ресейлік (12345), украин (12345) және ағылшын тіліндегі дереккөздерден кездестіруге болады (1234).

Медиадағы деректерге сай, бұл туралы Абдулхамид Хорасани есімді әлдекім мәлімдеген. Ол — тәліптердің көшбасшысы-мыс. Оның “Біздің күшімізді сынамаңдар, сендер батыстықтармен бірге сахнаның артында тұрсыңдар, ал біз нағыз мұсылманбыз, егер Ислам әмірліктерінің үлкендері рұқсат етсе, Тегеранды жаулап аламыз,” – деген сөзінің үзіндісі тарап жатыр.

Оқырмандардың өтініші бойынша, Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Тәліптер Иранға соғыс ашқаны рас па?

Үкім: Жалған

Иран мен Ауғанстан шекарасында екі жақтың әскерилері қақтығысқаны рас. Алайда “ресми соғыс” жарияланбады, ал екі тарап көп ұзамай келіссөз жүргізді. Медиа тәліптердің көшбасшысы ретінде көрсеткен Абдулхамид Хорасани шындығында провинцияда губернатор болған. Мәлімдеме тәліптердің позициясын емес, Хорсанидің жеке көзқарасын білдіреді.

Бұған дейін Хорасани Панджшер провинциясының күзет басшыларының бірі, содан соң Пактия провинциясында губернаторы болған. Губернтор боп тұрыған тұсында (шекарадағы қақтығысқа дейін) Иранға қатысты “арандатушы” мәлімдеме жасаған, кейін қызметінен кеткен.

Толығырақ

27 мамырда Ауғанстан мен Иран шекарашылары қақтығысып, екі ирандық әскери өлді. Екі тарап бірін-бірі алғаш болаып оқ атты деп айыптады. Бұл туралы Ислам Республикасының ақпараттық агенттігі хабарлады. Агенттік Тәліптер басқаратын ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такорға сілтеп, Ауғанстанның Нимроз қаласында ирандық күштермен қақтығыста тәліптердің бір күзетшісі қаза тапқанын айтты. Басқа да медиа Абдул Нафи Такордың Twitter парақшасында бір тәліптің мерт болғанын растайтын жазба жарияланды деп жазды. Алайда Factcheck.kz баспасөз хатшысының парақшасынан мұндай хабарлама таппады.

Aljazeera-ның жазуынша, қақтығыс Иран президенті Эбрахим Раиси тәліптерді Гильменд өзенінің Иранның шығысына қарай ағуын шектемеуге, 1973 жылғы келісімді бұзбауға шақырғанынан кейін басталған.

Ал тәліптердің қорғаныс министрлігінің өкілі Энаятулла Ховаразми өзінің Twitter парақшасында “Ауғанстан Ислам Әмірлігі диалог пен келіссөздерді кез келген мәселені шешудің ақылға қонымды жолы деп санайды. Соғыс пен келеңсіз әрекеттерді ақтау екі жақтың да мүддесіне сай емес,”-деп жазды.

Кейін Иранның ресми ақпараттық агенттігі шекрадағы жағдай тұрақтанып, екі елдің жергілікті шенеуніктері қақтығыстардың себептері туралы келіссөздер жүргізіп, оны жалғастыруға келіскенін хабарлады.

Осылайша, тәліптер Иранға соғыс жариялады деген хабарлама тараптар атысты тоқтатқаннан кейін пайда бола бастады.

Жалған ақпарат қалай тарады?

Жалған ақпараттың пайда болуына Насер Бадри деген лақап атпен белгілі Абдулхамид Хорасанидің видеосы түрткі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында оны «Тәліптердің көшбасшысы» деп таныстырса да, бұл шындыққа сай келмейді. Шекарада қақтығыс басталар алдында Хорасани Ауғанстанның Пактия провинциясындағы Ахмедабад ауданының губернаторы қызметінен босатылды. Бұған, парсы тіліндегі Euronews пен Deutsche Welle хабарлауынша, оның Иран туралы «арандататын» пікірлері себеп болған. Атап айтқанда, ол 21 мамырда Twitter-дегі аккаунттарының бірінде (оның екі парақшасы бар: 12) келесідей мәтіндегі жазба жариялаған:

Көптен бері ұрыспадық. Әлемдердің Жаратушысының рақымы бізге Зороастр ұрпағын майдан даласында кездестіруді нәсіп етсін. Құдай қаласа оларға тағы да сабақ береміз. Батыстың сәтсіздіктерінен сабақ алмаған елдерге сабақ болуы керек…

Parsi.euronews-тің жазуынша, Хорасани “Хашт Собх” газетіне берген сұхбатында қызметтен кетуіне “тәліптер басшылығы мен оның арасындағы келіспеушілік себеп болғанын” айтқан.

27 мамырда (Астана уақытымен таңғы сағат 8-де) Хорасани «соғыс жариялау» туралы жаңалықтарға ақпараттық себеп болған видеоны жариялады. Дәл осы күні шекарада атыс басталғаны да маңызды рөл атқарса керек. “Ислам әмірліктерінің үлкендері рұқсат етсе, Теһранды жаулап аламыз,”- деген видеосы 52 мың жазылушысы бар парақшасында жарияланған, онысы кейін өшірілген, бірақ архиві сақталып қалған.

Бір күннен соң видео екінші парақшада жарияланған.

Тәліптер Иранға соғыс ашқаны рас па?

Контекст

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) хабарлауынша, тәліптердің жетекшісі — Хайбатулла Ахунзаде.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz