Сайлау 2023 | Шетелдегі қазақстандықтар партия тізімі бойынша ғана дауыс берді ме?

19 наурызда парламент мәжілісі және мәслихат сайлауы кезінде әлеуметтік желілерде шетелдегі қазақстандықтардың тек қана партия тізімі бойынша дауыс бере алатыны туралы хабарламалар (123) шықты.

Factcheck.kz редакциясы шын мәнінде солай болған-болмағанын тексеріп көрді.

Үкім: шындық 

Шетелде болған қазақстандықтар шын мәнінде мәжіліс депутаттарына тек партия тізімі бойынша ғана дауыс бере алды. Мұның себебі қазіргі заң болғанға ұқсайды.

6 наурызда ҚР СІМ ресми өкілі келесіні хабарлады: «жаңа өзгерістерге байланысты сайлау учаскелерінде партия кандидаттарын, мәжіліс депутаттарын және бір мандатты кандидаттарды таңдау үшін бірнеше бюллетень берілді. Шетелдегі дипломатиялық мекемелердің жанында ашылған сайлау учаскелерінің бәрі астанадағы Есіл ауданына қарайды. Сондықтан азаматтарымыз тек партиялар үшін дауыс бере алады».

13 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ОСК хатшысы Мұхтар Ерман шетелде тұратын я басқа мемлекеттерде жүрген азаматтар жалпыұлттық бір округ бойынша (Қазақстанның бүкіл территориясы) дауыс беретінін, ал бір мандатты жүйе бойынша ұсынылған кандидаттар үшін дауыс беруге заңға өзгеріс енгізу қажет екенін түсіндірді.

17 наурызда ОСК отырысында орган төрағасының орынбасары Константин Петров осыған ұқсас мәлімдеме жасап, Қазақстанның шетелдегі мекемелері жалпыұлттық сайлау округы ретінде елдің бүкіл территориясына қарайтынын нақтылады.

Бұған қалай жеттік?

Бұл мәселені анықтауға бізге азаматтық құқық саласындағы заңгер, «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы роман Реймер мен «Гражданская экспертиза» қоғамдық қорының директоры Данил Бектұрғанов көмектесті.

2022 жылғы 5 қарашада қабылданған № 156-VII «Қазақстан Респубикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 2-тармағы 9-бабына сәйкес «Парламент Мәжілісі депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: жалпыұлттық сайлау округы бойынша пропорционал жүйемен, сонымен қатар сайлау округтары бойынша бір мандатты жүйемен» сайланады. Заңның 3-тармағы 23-бабында елшіліктердегі дауыс беру сыртқы істер министрлігі орналасқан территорияға қарайтын сайлау округына жататын сайлау учаскесінде өтетіні көрсетілген. Яғни, шетелде дауыс беретін азаматтардың бәрі Астананың Есіл ауданына қарайды. Сөйте тұра олар тек партия тізімдері бойынша дауыс бере алады.

«Бұл жерде бір мандатты округ бойынша мәжіліске дауыс беру мүмкіндігін ұсынатын заң нормасы мен сайлаушының өзі тұратын округ бойынша мәжіліс кандидатын таңдауды талап ететін өкілдік принципі арасындағы келіспеушілікті көруге болады. Басқа елдерде жүрген және елшіліктерде дауыс беретін азаматтар ҚР СІМ орналасқан жерде тұрмайды ғой. Сәйкесінше, СІМ орналасқан территориялық округтан ұсынылған кандидат легитимдік проблемаға тап болады» деп түсіндірді Данил Бектұрғанов.

Сарапшы осыған байланысты ОСК мен министрлік бұған бас қатырмай, дауыс беруді тек бір бюллетеньмен, партия тізімдерімен шектеуді шешкен. ОСК хатшысы Мұхтар Ерман заңға өзгеріс енгізу қажет екенін айтқанын ескерсек, бұл әбден мүмкін, себебі парламент мұны істеп үлгерген жоқ не істемейміз деп шешті.

Контекст

19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы парламент мәжілісін тарату және кезектен тыс мәжіліс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Тура сол күні президенттің ресми сайтында барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін уақытынан бұрын тоқтату туралы жарлық жарияланды. Дауыс беру Қазақстан мен шетелдерде 10,2 мың сайлау учаскесінде өтті.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің дерегінше, 62 мемлекеттегі Қазақстан дипломатиялық өкілдіктерінде 77 сайлау комиссиясы ашылды. Онда 12 132 сайлаушы тіркелді. Дауыс беруге ҚР 8 800 азаматы қатысты, олардың сайлауға қатысу көрсеткіші 72,54% болды.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz