Ресейде теңгені «достық пейілі жоқ елдер валютасына» қосқаны рас па?

15 сәуірде бірнеше қазақстандық баспасөз құралында (123) «Открытые инвестиции» брокерлік компаниясының сайтына сілтеп, Ресейде теңгені «достық пейілі жоқ елдердің» валютасына қосқаны туралы жаңалық тарады. Басқа жазбаларда (12) қазақстандық валютаны ВТБ еншілік ететін брокерлік компанияның өзі достық пейілі жоқ деп танығаны хабарланған.

«Санкция қысымы күшейгеніне байланысты достық пейілі жоқ елдердің валюталарында есептеуді шектеу және бұғаттау қаупі артып жатыр. Нәтижесінде, нарықтың бұған реакциясы қорда да, қордан тыс нарықта да балама валюталарда есептеу үлесін арттыру арқылы мүмкін шешімдер іздеуде жатыр. (…) Келесі валюталарда аударымды – төлемдерге қызмет көрсетуді тоқтатамыз: швейцариялық франк (CHF), Сингапур доллары (SGD), Жапон иені (JPY), Гонконг доллары (HKD) және Қазақстан теңгесі (KZT)». Порталдар брокердің осы хабарламасын келтіріп жатыр.

Жаңалықты ресейлік баспасөз құралдары да көшіріп басқан, бірақ тақырыптарында қазақстандық валютаға акцент жасамаған (123).

Factcheck.kz редакциясы ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Үкім: Жалған

«Открытие инвестиции» басылымының  2023 жылғы 13 сәуірдегі түпнұсқа материалында (желіде тек басқа сайттардағы рерайт түрінде бар) достық пейілі жоқ елдердің брокерлік есепшоттарына тыйым салу туралы айтылып, оған АҚШ доллары мен еуро жататыны түсіндірілген. Тура сол мәтінде компания достық пейілі жоқ елдер туралы мәлімдемеге байланбай, бірнеше шетелдік валютада, соның ішінде қазақстандық валютада ақша аударымына қызмет көрсетуін тоқтататынын хабарлаған. Осылайша, кей ресурстар жазба мазмұнын бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Қазақстан Ресей достық пейілі жоқ мемлекет санайтын елдер тізіміне жатпайды, сәйкесінше, қазақстандық теңге де Ресей Федерациясында достық пейілі жоқ валюта емес.

Сөйте тұра, «Открытие инвестиции» да хабарламада қате жіберген. Белгілі болғандай, теңге компания жұмыс істеуін тоқтататын валюталар тізіміне кірмейтін болып шықты.

«Открытие Инвестиции» брокерлік есепшоттардан теңгені қабылдауды/шығаруды тоқтатпаған және тоқтатпайды. Сондай-ақ қор нарығында қазақстандық теңгемен (KZT) сауда операцияларын жасау еш шектеусіз қолжетімді», – деп хабарлады брокер 17 сәуір кешке.

Релиз мәтінінде материалдың түзетілгені айтылған. Бұл компания оны жоққа шығарғаннан бұрын болған. Парақшаның кэш нұсқасы 17 сәуірде Астана уақытымен таңғы 5:14 кезінде жазбада теңге туралы айтылмағанын, ал Швейцариялық франк, Сингапур және Гонконг доллары, Жапон иенін тоқтату операциялық шектеулермен түсіндірілгенін көрсетеді.

Желіде материалдың қандай да бір архив көшірмесі жоқ, сондықтан оған қашан өзгеріс енгізілгенін анықтау, өкінішке орай, мүмкін емес.

Factcheck.kz