Мысықтарға сиырдың сүтін беруге болмай ма?

Үй жануарлары мен ветеринария саласындағы әртүрлі сайтта мысықтың тамағы туралы қалыптасқан ұстанымдарға қарамастан, сиыр сүтін бермеу керек екені, ал кейбірінде мүлдем тыйым салынатыны, бұл өнім ағзаға дұрыс сіңбейтіні айтылады.

Factcheck.kz редакциясы мұның рас-өтірігін тексеріп, «Мысыққа сүт бермеу керек пе?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Шындыққа жақын

Кей дереккөздерді сүттің қауіпсіз көлемі туралы, оның мысық күнделікті тұтынатын тағамның 15-23%-нен аспауы қажет екені айтылғанымен, біз қарастырған ғылыми зерттеулерде былай делінген: жеке фермент қабілеттеріне қарамастан, жалпы, мысықтарда сүт қантының бөлінуі ауыр жүреді және бұл ас қорыту проблемасын туғызады. Мұны бақылау деректері де көрсетті. Сондықтан мысықтарға сүт бермеу туралы мәлімдеме орынды көрінеді. Үй жануарлары туралы кей сайттардағы мүлдем сүт бермеу туралы тыйымға келсек, бұл жалпылауға ұқсайды. Оның логикасы «сиыр сүтін мысықтар сіңіре алмайды, сондықтан эксперимент жасамай, одан бас тарту керек» дегенге саяды.

Лактоза мен лактаза

Мысыққа сиырдың сүтін бермеген жөн екені орыс тілді, ағылшын тілді сайттарда бар (мында, мында, мында және мында). 

«Мысықтарға сүт бермеу керек. Иә, олар енесінің сүтін ішеді, алайды ол сиырдың сүті емес, өзінің ағзасы мен дамуына қажет сүт. Мысық енесінің сүтінде марғаудың денсаулығына қажет заттар мен дәрумендер бар, ал сиырдың сүтінде жоқ» деп жазылған «Муркоша» сайтында.

«Марғаулардың көбінде туа сала сүт қантын, яғни, лактозаны қорытуға арналған лактаза деп аталатын фермент бөлінеді… Өскен сайын, бұл фермент болмайды не тым аз мөлшерде болады. Жануарлар үшін бұл олардың ішегінде сүттің қорытылмайтынын, ал сүт қантының ішекке сіңіруге емес, бактериялардың жеміне айналатынын, газ жиналу мен сүт қышқылының бөлінуіне алып келетінін білдіреді», — деп жазылған PetStory сайтында.

«Лактоза аш ішекте сіңіріледі және оны лактаза ферменті қамтамасыз етеді. Лактозаны тиімді ыдырату үшін ағза лактаза бөлуі керек. <…> Мысықтардың көбі лактаза бөлмейді. Бұл сүт құрамындағы лактозаны қорытуға мүмкіндік бермейді. <…> Мысықтардың көбінде сүт ас қорыту жүйесінде әртүрлі қиындық туғызады», — деп жазылған америкалық Triangle клиникасының сайтында.

«Мысық сүт ішсе, құсуы, диарея мен асқазан ауруы болуы мүмкін (тағамдардың лактоза төзімсіздігі сияқты). Мысықтардың бәрінің жағдайы нашарламаса да, сақтанған жөн», — деп жазылған PDSA қайырымдылық ұйымының сайтында.

Мысыққа арналған өнім шығаратындар не дейді?

Алдымен, лактозаның не екенін айтып өтейік. Бұл туралы Invitro сайты былай дейді:

«Сүт қанты немесе лактоза — сүттің негізгі көмірсу. Бұл дисахарид глюкоза мен галактозадан тұрады. Аш ішекте ол моносахаридтерге бөлінеді, бірақ ол үшін жалғыз фермен лактаза керек. Ыдырамаған лактоза ішекте қалып, су жинайды, іш өткізіп, газдың көбеюіне, іштегі ауырсынуларға алып келеді».

Invitro

Бұл сипаттама лактозаға төзбейтін кей адамдарға ғана келмейтін сыңайлы.

«Мысықтарға сиыр сүтін ішуге бола ма? Жоқ. Бұл сүт мысықтар үшін зиян, әсіресе, тамақтануын алмастырған жағдайда», — дейді Nestle Purina мысықтар мен иттерге арналған өнім шығаратын компанияның диетологы ресми сайтта.

Vobra Special Petfoods BV үй жануарларына арналған өнім шығаратын компанияда жұмыс істейтін нидерланд зерттеуші Антон Бейненнің (мына жерде) сөзінше, аз мөлшердегі сүт зиян тигізбеуі мүмкін. Бұл туралы үй жануарларын күтуге арналған Creature companion сайтындағы шолу мақаласында айтылған.

«Зерттеу деректері мысықтардың күніне 6 г. лактоза тұтына алатынын көрсетеді. Ол 10-16 г диареяға алып келеді. 6 г. лактоза дегеніміз 130 мл сиыр сүтіне тең. Жеке сезімталдықты ескеріп, 85 мл-ді лактозадан туындайтын диареяға әкелмейтін күнделікті максимум доза ретінде қарастыруға болады. Мұны пайдалы заттар бар базалық диетамен бірге үйлестіру керек. 4 кг салмағы бар мысыққа коммерциялық тамақ пен 85 мл сүт беруге болады. Бұл оның күнделікті тұтыну калориясының 77 және 23%-і. Бұл ең оңтайлы рацион», — дейді Бейнен.

Алайда, автордың ғылыми тәжірибесі барына қарамастан, бұл материал ғылыми басылымда жарияланбағандықтан, ғылыми-көпшілік сипатқа жатады.

Сондай-ақ о бастан біздің бұл мәлімдемелерге қатысты ғылыми деректер қызықтырды. Сондықтан өнім шығарушылардың мәлімдемелерінен назарды ғалымдардың түйіндеріне бұрғанды жөн көрдік.

Мысық зерттеушілер

1984 жылы Annual Review of Nutrition журналында шыққан «Үй мысығының тамақтануы» атты ғылыми мақалада былай делінген.

Мысықтар рациондағы өзгерістерге бейімделуге қауқарсыз, себебі матеболизм жолдарындағы ферменттер көлемін өзгерте алмайтын сыңайлы.

The Canadian Veterinary Journal журналында 1987 жылы жарияланған «Мысық тамағындағы көмірсулар: қорытылуы және қолданылуы» атты материалда лактозаның мысықтың ас қорыту жүйесін бұзатыны айтылған.

Мысықтардың ферменттері әртүрлі диеталық емдерге бейімделмейді. Сәйкесінше, бұл мысықтың тағамдағы көмірсуға төзімді емес екенін білдіреді. Алайда Дрохнер мен Мюллер-Шлосснер қандағы глюкоза көлемі қант пен глюкоза диетасымен өскен мысық пен бақылаудағы диетада өскен мысықтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары емес екенін айтады. Авторлар мысықтар көмірсулардың белгілі бір көлемін (15% рацион) көтере алады дейді. Алайда оның көлемі, әсіресе, лактоза көлемі сәл артса (25% диета), үлкен дәретін сұйылтып, кейде диареяға алып келеді.

2006  жылы АҚШ Ұлттық ғылым академиясының Ұлттық зерттеу кеңесі шығарған «Иттер мен мысықтардың тағамдық заттардағы қажеттілігі» атты кітапты былай делінген (61-бет):

Ферменттелетін көмірсуларға белгілі бір олигосахаридтер, ферменттелетін талшықтар, RS пен белгілі бір жағдайларда лактоза жатады. Бұл көмірсулар аш ішектегі гидрологиялық қорытылуға қарсы тұрады, бірақ мысықтар мен иттердің ас қорыту, ішек жүйелерінің төменгі жағындағы микробтар оны ферменттейді. <…> Лактоза есейген жануарлар ағзасына сіңіре алмайтын ерекше дисахарид. Оның сіңімділігі жануардың жеке ферменттеу қабілетіне байланысты. Абсорбтелмеген лактозаны аш ішектегі микрофлора оңай ферменттейді. Беннетт пен Кун (1966) үй жануарларын сахароза немесе лактозадан тұратын 59 пайыздық көмірсу диетасымен тамақтандырғанда, олардан диарея мен қандағы глюкоза көлемінің артқанын байқалған. Олар иттер лактозаны сіңіре алмайды деп болжады.

Бұл еңбекте мысықтар мен иттердің тамақтану ерекшеліктері туралы айтылғандықтан, мәселе тек иттер туралы ғана емес деуге болады.

Басқа материал авторлары да мысықтар мен иттердің ағзасындағы функциялық ерекшеліктер туралы қызық түйін жасайды. 2006  жылы The Journal of Nutrition журналында жарияланған  «Иттер (Canis Familiaris) мен мысықтардың (Felis catus) тамақтануының эволюциялық негізі» атты материалда мысықтар мен иттердің анатомиясы мен физиологиясы туралы айтылған.

Үй мысықтарының жыртқыштардан тарағанын тістерінен байқауға болады. Қасқырларға қарағанда, олар аңға жалғыз шығады, сондықтан салмағы өздерінен жеңілдерін аулайды. Бұл бірнеше күндік аңшылықты қажет етеді. Мұны ad libitum үй мысықтарының тамақтану режимінен көруге болады. Олар 24 сағат бойы бірнеше рет кішігірім порциямен тамақтанады. Алайда үй мысықтары белгілі бір негізгі метаболизм ферменттерінің болмауына байланысты тамақ таңдауда шектеулі. Бұл қабілет заман өткен сайын жоғалғанға ұқсайды. Бұл жабайы табиғатта негізінен қабырғалы жануарлардан тұратын диетамен қанағаттандырылуы мүмкін.

Біз қарастырған келесі еңбек бұған қайшы келмейді. 2007 жылы Proceedings of the Nutrition Society журналында жарияланған «Мысықтар мен иттердің ерекшеліктері: тамақтану жолы» атты мақала авторлары былай дейді:

Зоологиялық классификацияға қарасақ, мысықтар да, иттер де жабайы жануарларға жатады. Алайда мысықтар мен иттердің тамақтану әдеттерін салыстыру мысықтардың етті диета ықпалымен эволюцияға ұшырағанын көрсетеді. Әрі иттердің тағамы мысықтарға қарағанда әртүрлі. Арғы иттер сүтқоректілермен, балықтармен, құстармен және амфибиялармен тамақтанғаны белгілі, әрі өсімдіктер де болған. Ал жабайы мысықтар тек жануарларды жеген (ұсақ антилопама, құстар, балық және т.б.). 

Әрі қарай материалда мысық ағзасының ферменттерді реттеу және белгілі бір қосылыстарды синтездеу қабілеттеріне қатысты ерекшеліктері айтылады:

Мысықтың тамағындағы жоғары көмірсуға шамасы жетпейді және үнемі глюконеогенез жағдайында жүреді.

2019 жылы Biosciences Biotechnology Research журналында шыққан «Мысықтардың лктоза тұсынған кезіндегі асқазан, ішек ауруларының пайда болуы» атты мақалада үш ай бойы сиыр сүтін ішкен 181 мысықтың бақыланғаны айтылады.

Алдын ала зерттеу жануарлардың аллергиясы шыққанын көрсетті. 41 жануардың анамнезі күрделі болды (қотырланған аллопеция бар аумақтар болды). Клиникалық жалпы қан талдауы (бұл анализ қымбат реактивтерді қажет етпейді және кез келген клиникада жүргізілуі мүмкін) тексерілген барлық мысықтар қанында лейкоцит деңгейі жоғары болғаны байқалды. Бұл қабыну процесіне тән белгі. Моноцит деңгейі төмен, ал бұл әртүрлі инфекциялық аурулардың дамуына тән. 34 мысықты ультрадыбыстық тексеріс кезінде лимфа безінің және ұйқы безінің үлкейгені байқалды. Жануарлардың барлық тобында дефекация проблемасы, құсу және диарея анықталды.

Мұны былай түсіндіруге болады:

Марғау туған соң оларды сүтпен қоректендіру 8-10 аптада аяқталады. Мысықтарда бір жылдан соң фермент толығымен бөлінуді доғарады. Нәтижесінде ыдырамаған лактоза қанты ішекке су тартып, диарея туғызады. Қанты ішекте ферменттеледі де, іш кеуіп, метеоризм туындайды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz