Әр 200 еркектің бірінде Шыңғыс ханның қаны бар ма?

Интернеттегі әртүрлі дереккөзде әлемдегі әр 200-ер адам Шыңғыс ханның ұрпағы екендігі туралы жазбаны жиі көруе болады (мұнда). Кейбір сайттар тіпті, жаулаушы жер бетіндегі әр 200 адамның арғы атасы деп мәлімдейді (мұнда). Кейбір медиа азиялық еркектің 8%-і тарихи тұлғаның генін тасымалдаушы ретінде аталады (мұнда).

Factcheck.kz редакциясы бұл цифрлардың қайссын рас деуге болатынын анықтауды жөн көрді.

Хромосома сызығы

Ашық дереккөздегі іздеу арқылы 2003 жылы The American Journal of Human Genetics журналындағы сенсациялық материалға тап болдық. «Моңғолдардың генетикалық мұрасы» атты мақаласында Азия аймағындағы екі мыңнан астам адамның ДНҚ-сын зерттеген бір топ автор былай деп жазады:

Біз бірнеше ерекше белгісі бар Y хромосомасының сызығын анықтадық. Ол Азияның Тынық мұхитынан Каспий теңізіне дейін созылып жатқан үлкен аймағында 16 популяцияда табылды және жоғары жиілікте кездеседі: бұл аймақтағы ерлердің ~8% тасымалдаушылар, осылайша жер бетіндегі халықтың ~0,5%. Бұл тұқымның өзгеру үлгісі оның Моңғолияда шамамен 1000 жыл бұрын пайда болғанын көрсетеді. Оның бұлай жылдам тарауы кездейсоқ болуы мүмкін емес; таңдаудың нәтижесі болса керек. Бұл тұқым Шыңғыс ханның ықтимал еркек ұрпақтарына байланысты… егер біздің үлгіміз репрезентатив болса, бұл хромосома шамамен 16 миллион еркекте бар.

Зерттеудің өзінде әрбір 200 ер адам туралы айтылмаған, алайда 2003 жылғы мәліметтер бойынша (шамамен 3,2 миллиард адам) ерлердің санын зерттеушілер жазған 16 миллионға бөлсеңіз, әрбір 200-ер адамда Шыңғысханның гені болады екен.

2022 жылы IFL Science ғылыми-танымдық сайтында бұл мәлімдеменің фактчегі жарияланды. Рас, жарияланым тұжырымның растығына қатысты ешқандай қорытынды жасамай, тек жоғарыда аталған зерттеу авторларының тезистерін қорытындылайды. Осыған ұқсас, мысалы, Twisted Sifter сайтындағы «Әрбір 200-адамның біреуі Шыңғысханның тұқымы екені рас па?» деген сияқты басқа басылымдағы мақалалар туралы да осыны айтуға болады.

2003 жылдан бастап, National Geographic пен The Guardian, Discover Magazine мен Smithsonian Magazine және т.б. журналдар әлі күнге дейін дәл осы зерттеуге сілтеме жасайды.

Дегенмен, талқыланған мәлімдемелерді біржақты шындық деп бағалауға мүмкіндік бермейтін маңызды жағдай бар.

Үкім: Дәлелденбеген

Шыңғыс ханның өз империясының тарихи аумағындағы ұрпақтарының санының (соның ішінде Жер халқының санымен салыстырғанда) ғылыми растауын «American Journal of Human Genetics» журналындағы 2003 жылғы мақаланы атауға болады. Онда әрбір 200 ер адам (бұрынғы Моңғол империясындағы ерлердің 8%-і) атақты қолбасшының генін алып жүруі мүмкін екені айтылған. Әртүрлі қызықты фактілердің авторлары сілтеме жасайтын ғылыми дереккөздер бар. Бірақ Шыңғысханның қалдықтарына генетикалық талдау жасау мүмкіндігі болмағандықтан (оның жерленген жері белгісіз) авторлардың тұжырымдары болжам болып қала береді. Шындығында, олар өз зерттеулерінде бұл шындықты мойындап, өз генін осындай кең аумақта таратқан адам Шыңғыс хан болуы мүмкін деп сенімді түрде айтады. Алайда бұл медиада тараған ақпаратқа қайшы келеді, онда жаңалық «мүмкін» деп емес, растау ретінде жазылған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz