Жақында Primeminister.kz сайтында сауда және интеграция министрлігінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы туралы ақпарат жарияланды. Көп цифрмен қатар, министрлік 2016 жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі төмендегенін мақтанышпен жазды. Factcheck.kz сайты бұл мәлімдеменің қаншалықты рас екенін тексерді.
Мәлімдедме: 2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді.
Primeminister.kz
Үкім: Шындық
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 2015 жылы 7 шілдеде жыл басынан бері 98,6% болып, 100%-ке жетпеген. Бірақ, 2016 жылы 5 шілде жыл басынан бері 8,2%-ке жетіп, кейінгі 7 жыл бойы түрлі прцентке өсіп отырған. Өсімнің шарықтау шегі 2022 жылғы 5 шілдедегі жағдайына келіп, жыл басынан бері 17,4%-ке жеткен. Ал биыл 9 шілдеде бұл көрсеткіш жыл басынан бері 99,9% болып, өсімін тоқтатқан. Дегенмен бұл мәлімдеме тауарлардың бағасы арзандады дегенді білдірмейді.
Ескерту: Ұлттық статистика бюросының мәліметтерді жүргізу тәртібінің ерекшелігіне байланысты, әрбір жылдың нақты 6 айының қортыныдысы емес, шілденің басындағы деректер пайдаланылды. Бұл деректер жалпы тенденцияны айтарлықтай бұрмаламайтындықтан, шындық деген үкім қойылды.
Жалпы тауарлардың құны қаншалықты өзгергенін көру үшін Қазақстандағы әрбір әлеуметтік маңызы бар тауардың орташа құнын салыстырып көрейік. Бұл үшін 2022 жылғы 5 шілде мен 2024 жылғы 9 шілде аралығын таңдаймыз, өйткені осы уақыт аралығында методология тұрғысынан салыстыратын деректер бір-біріне сәйкес келеді.
Introduction to Economics Education Presentation in Green and White Lined Graphic Style автор: Factcheck KazakhstanОсылайша, әлеуметтік маңызы бар тауардың қымбаттауы тоқтады дегенімізбен, 2016 жылдан бері расымен айтарлықтай өсім болған. 2022 жыл мен 2024 жылдардың арасындағы көрсеткішті де салыстырып қарасақ, кейбір тауардың өскенін, кейбірінің құны керісінше төмендегенін байқаймыз. Мысалы, сиыр етінің бір килограмы 2 200 теңгеден 2 547 теңгеге өскенін көреміз. Бірақ сәбіздің бір килограмының бағасы 206 теңгеден 197 теңгеге түскен.