Қазақстанда қанша шетелдік университет бар?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте жылдағыдай Қазақстан халқына жолдау жасады. Президент түрлі тақырыпты қозғай келе, Қазақстандағы шетелдік университеттер туралы да айтты.

Factcheck.kz дәстүр бойынша президент сөзін тексерді.

Мәлімдеме: Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындыққа жақын

Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы маусымдағы брифиңдегі сөзіне сенсек, шетелдік университеттерді елге алып келу бағыты бойыша барлығы 23 академиялық серіктестік орнатылған. Тоқаев осыны меңзеген болуы керек. Бірақ іс жүзінде, 2021 жылдан бері шетелдік университеттің 14 филиалы ашылып, стратегиялық серіктестік құрылған. Басқа 8 университетпен дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәлімдемедегі тағы бір түсініксіз тұсы — Тоқаевтың нақты отырған уақыт аралығын айтқаны белгісіз, бұл да оқырманды жаңылыстыруы мүмкін.

Қазақстан Еуроодақ елдерінен, Қытайдан, Оңтүстік Корея мен АҚШ және Ресей секілді елдердің университеттерімен серіктестік орнатып жатыр.

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz