Кейінгі апталарда әлеуметтік желілерде «Қазақстанда тағы бір айыппұл енгізілді» деген ақпарат тарап жатыр. Жазбаға сәйкес, балалардың күндізгі уақытта шулағаны үшін ата-аналарға 118 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Алайда бұл жазаның нақты қандай заңға негізделгені және қашан қабылданғаны туралы хабарламаларда ешқандай дерек келтірілмеген (1, 2, 3, 4, 5).
@irina97638 #ялюблюказахстан💗 #казахстан #штрафстан🇰🇿 #новыйказахстан #люблюказахстан #ялюблюказахстан💗 ♬ оригинальный звук – Irina 🖤
Factcheck.kz редакциясы бұл ақпаратты тексеріп көрді.
Үкім: Манипуляция
Қазақстанда балалардың шулағаны үшін арнайы айыппұл енгізілген жоқ, сондай-ақ балалардың шығарған дыбысын реттейтін жеке заңдар да қарастырылмаған. Дегенмен, дыбыс деңгейінің рұқсат етілген шектері белгіленген заңнамалық нормалар бар, бірақ олар жаңа емес, бұрын да болған ережелерге негізделген.
Толығырақ
Бұл мәлімдеменің алғашқы жарияланымы 17 қаңтарда Instagram-дағы vesti_pavlodar парақшасында пайда болған. Жазба «Қазақстандықтарға балалардың шулағаны үшін 118 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін» деген тақырыппен берілген. Алайда, мәтіннің өзінде нақты жалған ақпарат жоқ, бірақ тақырып «кликбейт» сипатында яғни оқырманды жаңылыстыру үшін жазылған.
Өз кезегніде vesti_pavlodar бұл ақпаратты Azattyq Rýhy басылымына сілтей отырып таратқан. Басылым мәліметті Ішкі істер министрлігіне ресми сұраныс жіберу арқылы алғаны айтылған. Алайда, Azattyq Rýhy материалын таба алмадық.

Жарияланым авторлары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мен гигиеналық нормаларды бұзуға қатысты 425-бабына сілтейді. Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл әлеуметтік желілерде айтылған 118 мың теңгеге жуық.
2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекіткен гигиеналық нормативтерге сәйкес, түрлі ғимараттар мен аумақтардағы рұқсат етілген шу деңгейлері анықталған. Тұрғын үйлердегі қабылданған шу деңгейі келесідей: Дүйсенбі-жұма аралығы: 09:00-22:00 – 55 дБА (акустикалық децибел); 22:00-09:00 – 45 дБА. Демалыс күндері: 10:00-23:00 – 55 дБА; 23:00-10:00 – 45 дБА.
Алайда, жарияланымда балалар шуына неге ерекше назар аударылғаны түсініксіз, себебі бұл гигиеналық нормаларда дыбыстың қайдан шығатыны нақты көрсетілмеген. Шу адамдардан да, тұрмыстық техникалардан да шығуы мүмкін, сондықтан оның нақты қайдан пайда болғаны маңызды емес.
Vesti_pavlodar жарияланымында Ішкі істер министрлігіне (ІІМ) сілтеме жасай отырып, «балалардың шуымен байланысты тыныштықты бұзу жағдайлары бөлек есепке алынбайды» деп нақты көрсетілген.
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) 425-бабы мен гигиеналық нормативтер жаңа ереже емес. Керісінше, 2025 жылдың наурызында күшіне енетін түзетулер жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшерін 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін төмендетуді қарастырады.
Тұрғын үйлерде шу деңгейін өлшейтін арнайы жабдықтардың болмауы бұл заңның қолдану тиімділігіне қатысты күмән тудыратынын айта кеткен жөн. Дегенмен, дыбыс деңгейін өлшеуге арналған мобильді қосымшалар бар.
Күндізгі рұқсат етілген шу деңгейіне де сұрақтар бар — 55 дБА-ны қалыпты әңгіменің дыбысымен пара-пар. Сонымен қатар, шаңсорғыш не шаш кептіргіштің шуы одан да қатты дыбыс шығаруы мүмкін. Осыдан тіпті әдеттегі күнделікті әрекеттерді ресми түрде құқық бұзушылық деп санауға болатын секілді.
Vesti_pavlodar сонымен бірге ӘҚБК-нің 425-бабымен қатар, 437-бабына да сілтеме жасаған. Бұл бап түнгі уақытта тыныштықты бұзу (жұмыс күндері 22:00-09:00, демалыс күндері 23:00-10:00) үшін жеке тұлғаларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырады. Алайда, 437-бапқа ешқандай өзгеріс енгізілмеген және балалар шуына байланысты нақты тармақтар қарастырылмаған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.