Қазақстан ТМД елдері ішінде әуе қауіпсіздігі ең жақсы мемлекет пе? 

3 қазанда “ҚазАқпарат” агентігінде көлік министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың әуе қатынастары туралы айтқан сөздері жарияланды. Онда Ластаев Қазақстандағы әуе қатынастары ТМД елдерімен және кейбір Еуропа елдерімен салыстырғанда қауіпсіз екенін мәлімдеді. Factcheck.kz оның сөздері қаншалықты рас екенін тексерді.

Мәлімдеме: …Екіншіден, әлемдегі әуе қатынасының қауіпсіздігін есептейтін көрсеткіш бар. Бұл Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының бағасы — Ивао. Сол жүйе бойынша бізде ұшу қауіпсіздігі деңгейі 82%. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Тіпті Испания, Чехия сияқты Батыс Еуропа мемлекеттерінің көрсеткіштері бойынша да.

Талғат Ластаев

Үкім: Манипуляция 

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі Қазақстанда 82,12% екені рас. Дегенмен ТМД елдері арасында Қазақстан әуе қауіпсіздігі ең жақсы ел емес.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігі келесідей:

Ластаев салыстырған Еуропа елдері Испанияда ұшу қауіпсіздігінің ұйым стандарттарына сәйкестігі 89,84% және Чехияда 86,83%.

Ұйымның деректеріне сәйкес, Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 74%-тен 82%-ке өскен. Кейінгі 5 жылдың ұйым қауіпсіздігі есебінде әртүрлі айдың (наурыз, ақпан) аудит нәтижелері пайдаланылған. (1, 2, 3, 4, 5,) 

Контекст

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 193 мүше мемлекеттің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны қадағалауы бойынша аудит жұмыстарын жүргізеді.

ИКАО қауіпсіздігін қадағалаудың жалпы бағдарламасы (USOAP) негізінде мемлекеттің қауіпсіздікті қадағалау жүйесінің маңызды стандарттарын тиімді енгізгенін бағалайды. Ұйым ұшу қауіпсіздігін анықтау үшін сегіз аудит саласына  (ұшудың ұйымдастырылуы, авиациялық заңнама, білікті техникалық персонал т.б) арнайы хаттамалық сұрақтарды пайдаланады.

Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігіне қатысты осыған дейін бірнеше сыни пікірлер айтылған. Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер Қазақстанның әуе қомпаниядары  ұшу қауіпсіздігі бойынша жақында ғана қара тізімнен шығарылғанын және  Брюселде өткен әуе қауіпсіздігі Еурокомиссияның комитет отырысында қара тізімге қайта енгізілу мәселесі қайта көтерілгенін мәлімдеген болатын.

Материалды дайындаған: Зерделі Бапай

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz