Қармақшыдан ірі балық табылғаны рас па?

Instagram желісінде ірі балықтың видеосы тарап жатыр. Қазақша парақшаларда «Қармақшы жақ дейді, шын ба екен?» деген мәтінді көруге болады (1, 2, 3; архивтелген нұсқасы 1, 2 ,3). Factcheck.kz редакциясы оқырманның өтініші бойынша видеоның қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Қармақшыдан ірі балық табылғаны рас па?
Instagram желісінің скриншоты

Үкім: Фейк

Видео монтаж арқылы жасалған. Бейненің түпнұсқасында балықшының қармағы сынғаны үшін құлайды (архивтелген нұсқасы). Ал, судың астынан ешқандай балық шықпайды. Ірі балықтың бейнесі монтаж арқылы қойылған. Видеоны «munkha_yakutsk» парақшасы жарнама жасау үшін жариялаған.

Қармақшыдан ірі балық табылғаны рас па?
Видеоның өңделген нұсқасы мен тұпнұсқасы

Видеоның түпнұсқасын 13 қыркүйекте «munkha_yakutsk» парақшасында жарияланған. Бұл балық аулаушыларға арналған заттарды сататын дүкеннің парақшасы. Видеоны әзіл ретінде шығарған. Жарияланымда «балық аулауға ақша үнемдегеніңде…» деген мәтін жазылған.

Видеоның тарауы

Өңделген видео әлеуметтік желілердегі біршама елдің парақшаларында тараған. Соның ішінде Индонезиялық тілде жарияланған бейнелер көп (1, 2, 3, 4). Сондай-ақ, испан тіліндегі де, үнді тіліндегі де видеолар бар. Барлық видеода тек бір ракурстан түсірілген. Бейнені өзбекстандық парақшада да жарияланған.

Қармақшыдан ірі балық табылғаны рас па?
Instagram және You Tube скриншоттары

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz