Қапшағайда акулаға ұқсас балық жүргені рас па?

Кейінгі күні әлеуметтік желілерде «абайлаңыз, Қапшағай су қоймасында акулаға ұқсас осындай бірдеңе жүр» деген мәтінмен видео тарап жатыр (1, 2, 3, 4, 5). Видеодан белгісіз балықтың жүзіп жүргенін байқауға болады. Factcheck.kz редакциясы ақпаратты тексеріп көрді.

Қапшағайда акулаға ұқсас балық жүргені рас па?
Instagram желісінің скриншоты

Үкім: Фейк

Бейне алғаш наурыздың 26-ы «ruben3596hotmailc» TikTok парақшасы жариялады. Автор оның қайда түсірілгенін көрсетпеген. Кейіннен әртүрлі тілде тарап кетті (1, 2, 3). Қазақша парақшалар бейнені екі айдан соң шығарып, оған жалған дауыс қойған. Басым бөлігі ЖИ-мен жасалып, алғаш рет екі ай бұрын жарияланғанын ескерсек, Қапшағайда түсірілмеген деген қорытындыға келеміз.

Видео қалай тарады?

Видеоны алғаш болып Tiktok-та «ruben3596hotmailc» парақшасы, наурыздың 26-ы жариялаған. Кейін сол видео наурыздың 30-ы күні Facebook желісінде сингал тілінде «бұл не» деген мәтінмен шықты. Наурыздың соңында видео албан тілінде де тараған. Сәуірдің басында осы бейне испан тілінде «балғабас акуласы» деген мәтінмен жарияланды. Қызығы, авторлар видеоны өз өңірлерінде түсірілген деп көрсетіп жатыр. Мәселен орыс тілінде Сочи қаласындағы «красный штурм» жағажайы деп көрсетілсе, израильдік парақшалар Бат-Яма маңында болған деп жазған.

Оның үстіне, Hive Moderation видеоның 59,5%-ке жасанды интеллект көмегімен жасалғанын көрсетті. Яғни видеода ЖИ жасаған элементтер болуы мүмкін. Сервис бейненің тек 8% ғана ЖИ-мен жасалмаған деген қорытынды шығарды.

Қапшағайда акулаға ұқсас балық жүргені рас па?

Қазақша видеоны кім таратты?

31 мамыр күні Instagram және Tiktok желілеріне «alban_almaty88888» атаулы парақша, видеоның Қапшағайда түсірілгені туралы жазба шығарды. Видеоға қазақша дауыс қойылғанын байқауға болады. Жазбадан «халыққа ескерту керек қой» деген дауыс естіледі. Ал видеоның өзге тілді парақшаларда тараған нұсқаларында тек судың дауысы ғана бар.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz