БАҚ пен әлеуметтік желіде кейінгі 20 жылда кинодағы төсек сахналары 40%-ке азайғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
«Статистикалық зерттеулер көрсеткендей, кинода секс азайды. 2000 жылмен салыстырғанда қазір фильмдерде 18+ көрініс сирек кездеседі», – деп жазды 4 мамырда қазақстандық «Курсив» басылымы. «Мир 24» телеарнасы 3 мамырдағы мәтінінде әңгіме Холлиудта прокатқа шыққан фильмдер туралы екенін түсіндіреді. Журналистер The Economist журналының тапсырысы бойынша зерттеу жүргізген сарапшы Стивен Фоллоузге сілтеме жасайды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі кейбір дереккөздер зерттеуге тікелей сілтеме мүлдем бермейді.
Factcheck.kz редакциясы бүгінде төсек сахналары бұрынғыға қарағанда расымен азайғанын тексеруді жөн көрді.
Фоллоуз не дейді
Стивен Фоллоуз өзінің зерттеуінде 2000 жылдан бері жыл сайын ең көп табыс әкелген 250 америкалық фильмді (соның ішінде шетелдік фильмдерді) зерттегенін айтады. Ол OMDb, IMDb, Wikipedia, Common Sense Media, Dove.org, MPAA және BBFC қосқанда әртүрлі көздерден алынған деректерді пайдаланды. Ол сексуалдық зорлық-зомбылық көріністерін тізімнен әдейі алып тастаған, өйткені олар тартымды емес, керісінше жиіркенішті (басқаша айтқанда, олар мағына жағынан «қылмысқа» жақын).
Зерттеуші 2023 жылы шыққан фильмдерде 2000 жылғы үздік 250 фильмдегі эротикалық мазмұнның 60%-тен сәл асатынын анықтады. Жанр бойынша құлдырау экшн фильмдерінде (сол кезеңде шамамен 70%-ке төмендеді) және триллерде (50%-ке төмендеді) айқын байқалды, ал романтикада 20%-тен аз ғана өзгеріс байқалды.
Бір қызығы, фильмдердегі зорлық-зомбылық пен дөрекі сөздер, ішімдік пен есірткі қолдану сияқты басқа да күмәнді контенттердің саны азаймаймаған. Басылымда келтірілген график мұны анық көрсетеді.

Әу бастан-ақ бізді фильмдердің анық шектеулі үлгісіне негізделген тұжырымдардың дәлдігі қызықтырды: зерттеуші нәтижеге әсер ететін ең сәтті фильмдерді зерттегенін айтады.
Бірақ Фоллоуз жазбасында бұл сұрақтарға өзі жауап береді: «Зерттеуге басты назар касса түсімі жоғары фильмдерге аударылды, өйткені The Economist осы критерийлерді зерттегенімді қалады. Дегенмен, мен өзге фильмдерді де қарап шыққан соң осы нәтижеге жолықтым».
Бір қызығы, зерттеуші түпкілікті қорытынды жасамай, қазіргі жағдайдың ықтимал себептерін түсінуге тырысады. Демек, бұл гендерлік мәселеге қатысты мәдени нормалар мен көзқарастарды өзгерту мәселесі болуы мүмкін дейді. Ол сондай-ақ цензура мәселесін болдырмас үшін кассалық фильмдер әртүрлі мәдени нормалармен үйлесімді болады деп күтуге болатынын да мойындайды.
Бұған қоса, біз жекеленген тәжірибелерді ұсынатын стрим қызметтерінің әсері туралы айтуымыз мүмкін. Келесіде сондай-ақ ашық көріністердің жанкүйерлері үшін балама ретінде Желідегі қолжетімді порнографиялық контентті атап өтеді.
Сонымен қатар, киноиндустриядағы жыныстық бопсамен күрес режиссермен және хореографпен тығыз жұмыс істейтін интимдік сахна үйлестірушілерінің санының артуына әкелді, олар тартылған актерлердің амандығын, қауіпсіздігін және келісімін қамтамасыз етеді. Зерттеуші олардың қатысуы «егер олар маңызды болмаса, орынсыз секс көріністеріне кедергі келтіруі мүмкін» деп болжайды.
Басқалар не дейді
Басқа деректерді іздеу барысында біз CBS және Medium сайтында сексуалды көріністері бар фильмдер санының азаюы туралы талқылайтын екі жазбаны таптық. Екі материалдың бастапқы нүктесі – Playboy зерттеуі (жазылым бойынша қол жетімді). Міне, оның авторы Кейт Хаген 2019 жылы жазған.
Менің қорқынышымды IMDb деректері растайды: 2010 жылдан бері шыққан 148 012 көркем фильмнің тек 1,21%-інде секс көріністері бар. Бұл 1960 жылдардан бергі ең төменгі көрсеткіш. Фильмдердегі секс 1990-жылдары, эротикалық триллердің гүлденген кезінде шарықтау шегіне жетті: ол кезде барлық фильмнің 1,79%-те сексуалды көріністер болды. 2010 жылдары 1990 жылдарға қарағанда төрт есе көп фильмдер шыққанын ескерсек, салыстырмалы түрде айырмасы үлкен.
Осылайша, тұтастай алғанда, фильмдердегі (бұл нақты жағдайда, осындай көріністері бар фильмдер) төсек сахынасы санының азаюы туралы деректер осы жерде расталады.
Жазылғандарды түсінікті тілге аударсақ, 2010-2019 жылдар аралығында жарық көрген 148 012 картинаның тек 1 791-інде сексуалды көрініс бар екен. Ал 90-жылдары шығарылған 37 мыңға жуық фильмнің 662-сінде сексуалды көрініс болды.
Яғни, 90-жылдардағы сандарды (1,79%) 2010 жылмен салыстырсақ, 148 012-ден 2 649 гипотетикалық фильмді аламыз, ал нақты 1 791 фильмнің айырмашылығы 858 фильм немесе 32%.
Біздің салыстыруымыздың осал тұстарынан: Стивен Фоллоуз сексуалды контент туралы жазғанын атап өткен жөн (яғни, оны эротикалық көріністердің саны қызықтырған болуы мүмкін, олардың жекелеген фильмдерде бірнешеуі болуы мүмкін), ал Кейт Хаген осындай көріністері бар фильмдер туралы айтты.
Сондай-ақ, екі зерттеушінің тұжырымдарын салыстыруымыз Фоллоуз 2000 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңді қарастырғаны үшін сынға алынуы мүмкін, ал Хаген1990 жылдардың «шыңы» мен 2010-2019 жылдарды салыстырды.
Сонымен қатар, Фоллоуз ең көп табыс әкелген америкалық фильмдерді ғана қарастырса, Хаген шыққан тегі мен коммерциялық табысына қарамастан барлық фильмдерді қарастырды.
Дегенмен, бұл жағдайда бізді тек жалпы тенденциялар қызықтырады. Оның үстіне екі зерттеушінің де белгілі бір қырынан жасаған тұжырымдары бірін-бірі толықтырып, бір тезисті дәлелдейді.
Үкім: Шындыққа жақын
Шынында да, жалпы тенденциялар туралы қорытынды жасауға болатын нақты зерттеулер бар – қазір фильмдерде екі-үш онжылдық бұрынғыға қарағанда төсек сахынасы азырақ. Дегенмен, ескерту бар. Кейбір БАҚ басылымдары Стивен Фоллоуз өз зерттеуінде жалпы кино емес, америкалық кассадағы ең табысты фильмдерді қарастыратынын нақтыламады. Бұл өте маңызды түсініктеме, өйткені қорытынды әрқашан зерттелетін үлгінің контекстінде болады.
Сонымен бірге, біз анықтағандай, екінші зерттеуге және Фоллоуз бақылауларына сүйене отырып, жалпы кино барған сайын «әдепті» болып бара жатқан сияқты. The Economist тапсырысы бойынша арнайы зерттеуден басқа, үлкен экранды фильмдердегі ашық көріністер азайып бара жатыр деп айтуға болады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.