Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды

Медиа мен әлеуметтік желілерде «Франция сотының шешімімен коронавирус вакцинасынан қайтыс болған адам суицид жасады деп танылды» деген ақпарат тарады. Хабарламада судья «вакцинациядан қайтыс болған миллионердің балаларына сақтандыруды төлеуден бас тартқан сақтандыру компаниясының жағына шықты» делінген. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді. Біз бұл ақпаратты тексерген кезде Аустрияның жалған ақпарат тарататын желісін анықтадық.

Мәлімдеме: Франция соты COVID вакцинасынан қайтыс болған адамды өз-өзіне қол жұмсады деп таныды. Францияда өз өмірін көптеген миллионға сақтандырып, COVID-вакцинасынан қайтыс болған Париждегі бай қарт кәсіпкердің ісі үлкен дау тудырды. Сақтандыру компаниясы марқұмның туыстарына ақша төлеуден бас тартты, ал сот компанияны жақтады.

Korrespondent.net

Үкім: Жалған

Фейк былтыр Канададан бастап көп елде тарады. “Франция соты COVID-ке қарсы вакцинадан болған өлімді суицид деп таныды” деген ақпарат қазірдің өзінде жоққа шығарылды. Франция әкімшілігінің ресми сайтында сақтандыру келісімшарты бойынша бірінші жылы адам суицид жасаса немесе сақтандыру келісім шарты бар адамды өлдір деп танылса тиісті сыйақы алмайтындығы туралы хабарланған. Дегенмен, сақтандыру келісімшартын бұзуға Covid-19 себеп бола алмайды. Канада сақтандырушылар ассоциациясы (FFA) да бұл ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасаған.

Канадада фейкті қалай жоққа шығарды?

Адам вакцина салдырған соң қайтыс болса, оның өмірін сақтандыруды тоқтату туралы қауесет 2021 жылдың ақпанында Канадада тарады.

Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды
Фейк осы жазбадан соң тарауы мүмкін.

Әлеуметтік желіде Трейси Виггинс жариялаған хабарлама Канада денсаулық сақтандыру қауымдастығын (CLHIA) мәлімдеме жасауына түрткі болды. CLHIA вакцина егу сақтандыру шартына әсер етпейтіндігін хабарлады. Бұған қоса, Manulife компаниясы тиісті құжаттарды көрсетіп, желіде тараған жазбаны жоққа шығарған еді. Ал фейк ақпаратты таратқан Трейси Виггинс желідегі жазбасын өшірсе де, басқа да сайттарға тез тарап кетті.

Биылғы жылдың басында Францияда фейк ақпарат сәл өзгертіліп тараған. TikTok қолданушысының айтуынша, балалары мен немерелерінің өмірін миллиондаған долларға сақтандырған «өте ауқатты» кісі (аты-жөні көрсетілмеген) қайтыс болған. Интернет қолданушысы марқұм Covid-19-ға қарсы вакцина алғанын да айтты.

Бұл ақпарат Францияда ғана емес, Польшада және басқа елдерде де тарады. Бұл оқиғаны осы отбасының ісін жүргізуі керек болған француз заңгері Карло Альберто Бруса Facebook-те жариялаған. Бруза ​​- Франциядағы танымал антиваксер, Reaction19 ұжымының негізін қалаушы, COVID-19 вакциналары туралы жалған мәлімдемелерді қолданған.

Мұндай сот үкімі туралы ақпаратты Бруза ғана жариялағанын бірнеше медиа жазған. Бірақ ол кім жайлы айтқанын, яғни, нақты есімі айтылмайды. Бұған қоса, материал жазу барысында оның парақшасынан осыған байланысты жазбаны таппадық.

Бұқаралық ақпарат құралдарында франциялық адвокатқа неміс тілінде аустриялық сайтта айтыла бастаған. Бұл сайт Unser Mitteleuropa («Біздің Орталық Еуропа») аталады және фейк ақпарат кемінде биыл 13 қаңтарда жарияланған.

Аустрия мен Германияда вакцина туралы жалған ақпарат таратқандардың артында кім тұр?

Whois мәліметтері бойынша, Unser Mitteleuropa сайты Ресейде 2016 жылдың наурыз айында Reg.ru қызмет арқылы тіркеліп, Польшада орналасқан.

Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды

Сайттың иесі туралы деректерді WhoIs арқылы табылмады. Бұдан бөлек Unser Mitteleuropa қайырымдылыққа ақша жинайтыны белгілі. Сайттың донат жайлы ақпарат жазылған бетінде New Network Communications компаниясы туралы жазылған. Сонымен қатар, IBAN және BIC көрсетілген. Осы арқылы компанияның 1956 жылы қаңтарда дүниеге келген Корнелиус Рейхманға (Cornelius Reichmann) тиесілі екенін білдік. Бұған дейін оның иесі 1990 жылы тамызда туған Эрик Вайнхандль (Eric Weinhandl) болған. Рейхман — Аустрия азаматы және Польша тұрғыны. Жалпы New Network Communications компаниясы Краковта орналасқан, штатта бір қызметкер болған және шамамен жылдық айналымы 97,000 долларды құрайды.

Компанияның сипаттамасына сәйкес, жарнама және PR саласында жұмыс істеген. Бұған қоса сайты әлі де жұмыс істейді, ал домен Тайландта орналасқан ChinThai Network-та тіркелген. Ресми сайтта қызметкерлер туралы, жарнама және PR саласындағы жобалары туралы ешқандай ақпарат жоқ. Тек Лондондағы мекен-жайы (20-22 Wenlock Road) жазылған.

Алайда, сайттың мұрағатталған нұсқасында ұйымның екінші мекен-жайы сақталған —  Schönbrunner Str. 242 A-1120, Вена, Аустрия. Google дерегінше, ғимаратта бірнеше компания бар — макияж студиясы, аяқ киім жөндеу, құлыптарды жөндеу, чемодандар дүкені, бірақ олардың арасында PR агенттігі жоқ.

Facebook мәліметінше, Unser Mitteleuropa сайтының негізгі мекен-жайы Аустрияда. Қазіргі уақытта парақша жарнама жасай алмайды. Бұған қаржының дереккөзі көрсетілмеуі, сонымен қатар, жарнамада ксенофобиялық жазбаның болуы себеп болған. Бұған қоса Германияның Alternative für Deutschland (AfD) оңшыл саяси партиясы жайлы жиі жариялаған.

Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды
Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды

Жарнаманың мақсатты аудиториясы ретінде Германияның әртүрлі аймағы көрсетілген. Netzpolitic.org зерттеуші журналистері Александр Фанта мен Даниэль Лофер 2021 жылы бұл парақшада AfD қызметін қолдайтын жазбалар орташа есеппен екі-үш күн сайын жарияланған.

Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды
Жарнама көрсетілген аймақтар
Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды

Корнелиус Рейхман туралы көпшілікке қол жетімді ақпарат жоқ: оған тіркелген басқа компания да, басқа медиада жарияланған ақпаратта та жоқ. Ал Эрик Вайндхандльдің желіде аккаунты болмаса да, көпшілікке танымал адам.

Netzpolitic.org зерттеуінше, Вайнхандль 2017 жылдан бері Аустрияның климатты қорғау федералды министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген. 2018 жылы ол «Ұлттар мен бостандық Еуропасына» қарасты FPÖ (Австриялық бостандық партиясы, оңшыл саяси партия) фракциясымен бірге «қоғамдық басқару» саласындағы келісімшартты орындаған. Сол үшін 25 000 еуро алған. Бұдан бөлек 15 000 еуро New Network Communication шотына аударылды.

en-contracts-awarded-enf

2021 жылдың наурыз айында Эрик Вайнхандль басқаратын New Network Communications компания көші-қон, коронавирус пандемиясы және климаттың өзгеруі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін министрліктен кеткен. Жұмыстан кеткені жайлы жазылған материалда компанияның Klimaschwindel.net (Netzpolitic.org зерттеуінен кейін жойылған) сайтын басқарғаны айтылған.

Бір қызығы, Klimaschwindel және Unser Mitteleuropa сайты да соңғы уақытта трендтегі жаңалықтар жайлы жиі жазады. Екеуі де фактчекинг ресурстарына жиі еліктейді. Klimaschwindel климаттың өзгеруі туралы қауесеттерді әшкерелейтінін хабарласа, ал Unser Mitteleuropa фактчек принциптерін және ақпарат көздерінің ашықтығын ұстанады-мыс. Бұл мәлімдемелердің біреуі де шындыққа жанаспайды, яғни, жалған. Екі сайтта да анонимді, ашық емес және жалған мәліметтерді белсенді түрде таратады.

Фейк | Франция соты COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарды өзіне қол жұмсады деп таныды

Сайттың оқырманы көп деп айту қиын. Сонымен қатар, бұл сайттағы фейк ақпараттарды Германиядағы сайлауға араласуға тырысқан (Correctiv журналистері анықтаған) аустриялық Wochenblick басылымы жиі жариялаған. Біз байқаған тағы бір жайт — Unser Mitteleuropa сайтында автоматты түрде Польша, Франция, Испания және ағылшын тіліне аудару жүйесі жұмыс істейді. Фейк ақпараттардың басқа елдерге тарауына осы жүйе септігін тигізген.

Қорытындай келе Unser Mitteleuropa сайты коронавирус туралы ғана емес, мигранттар жайлы және климаттың өзгеруі туралы біраз фейк тарататын ресурс екенін нақты айта аламыз. Бұл ресурстың желісі кемінде Еуропадағы үш саяси оңшыл қозғалыспен (AfD, FPÖ және Марин Ле Пеннің партиясы) тығыз байланыста болған. Жоғарыда айтылғандай партиялар халықты коронавирусты жоққа шығарып, халықты жиі наразылыққа шақырған.

Бұл саяси күштердің Ресейден қаржылай және консультативті қолдау алатындығын дәледейтін зерттеулер бар. Александр Фантаның айтуынша, AfD Вайнхандльмен жұмыс жасағанын мойындады, бірақ келісімшарт сомасын жарияламаған.

“Біздің Орталық Еуропа” сайты жалған ақпараттардың негізгі дереккөзі ретінде тек Германияда емес, басқа елдерге де таныла бастады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz