Фактчек | Тоқаев кәсіпкер әйелдер туралы

3 наурызда Астанада «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» тақырыбында жиын өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға құттықтау бейне үндеуін жасап, бизнестегі әйелдер туралы бірқатар дерек келтірді. Factcheck.kz Тоқаев мырзаның деректерін тексерді.

… Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43%-дан асты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық, бірақ…

Ұлттық статистика бюросының дерегінеде 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сай, әйелдер шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің 575 524-ін басқарады. Ал барлық ШОК саны 1 330 244, тиісінше проценттік қатынаста айтсақ, әйел кәсіпкер үлесі 43,26% болған.

Айта кету керек, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген:

[infogram id=”68c34dd5-80aa-41c1-9995-02aae4885a93″ prefix=”DKS” format=”interactive” title=”Copy: Copy: Copy: Copy: "Семіздік" диагнозы”]

Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық, бірақ…

Бюрода 2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша барлығы 855 920 жеке кәсіпкер бары, оның 449 987 әйел екені жазылған. Проценттік қатынаста әйел кәсіпкер көрсеткіші 52,57% болады. Алайда дәл сол уақыттағы заңды тұлға ретіндегі әйелдер үлесі тек 28,9%, ал шаруа қожалықтарындағы қыздар үлесі 24,49% болған.

Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Бюродағы дерекке сай, әйелдер басқаратын ШОК субъектілердегі жұмыспен қамтылғандар саны 1 066 828. Ал толық көрсеткіш 3 398 786. Яғни проценттік қатынаста жалпы жұмыспен қамтылғандардың тек 31,39%-і ғана әйелдер басқаратын ШОК-та жұмыс істейді.

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz