7 сәуір күні мәжілістің кезекті пленарлық отырысында депутат Геннадий Шиповских ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен пікірлесу барысында қазіргі уақытта ресми мәлімет бойынша ауыл шаруашылығына арналған 1 млн 412 мың гектар жер жекеменшікке тиесілі екенін мәлімдеді. Расымен солай ма? Тексереміз.
Мәлімдеме: Ресми мәлімет бойынша қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына арналған 1,472 млн гектар жер жекеменшікке тиесілі.
Геннадий Шиповских
Үкім: Шындық
Шынында да, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті құрастырған «2019 жылғы ҚР жерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы» жиынтық талдамалық есепте ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1472,7 мың гектар жер, яғни 1,4727 млн гектар жекеменшікке тиесілі екені жазылған. Ал 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша (одан жаңа деректерді ашық дереккөздерден таппадық) азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жекеменшігінде түрлі санаттағы 4329,5 мың гектар жер бар.