Фактчек | «Қытайда құртты жауын жауды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджер қолданушылары Бейжіңде түсірілген «адам шошырлық» видеоны талқылап жатыр (1234). Авторлар Қытай астанасында «құртты жауын жауды» дейді. Дәлел ретінде қолданылған қысқа видеода автокөліктер мен асфальтта жауын құрттарына немесе жұлдызқұртқа ұқсас жәндіктер байқалады. Сол маңда жүрген адамдардың қолшатырмен жүргенін көруге болады.

Кейінірек ақпарат жаңалық тарататын ресурстарда да шықты (123).

Factcheck kz «Видеода расымен құрт бейнеделген бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Фейк

Кадрға түскен автокөлік нөмірлеріне қарасақ, видео Бейжіңде емес, Қытайдың Ляонин провинциясында, яғни, елдің солтүстік-шығысында түсірілген. Қытайдың бұл бөлігінде «корей терегі» (populus koreana) мен «түкті терек» (populus tomentosa) ағаштары кең тараған. Олардың гүлшоғыры ұзын үлкен сырға гүлге ұқсайды. Олар алыстан қарағанда құрттар не жұлдызқұрт сияқты. Видеоны жақындатып көрсеткенде, автокөлікке жабысып қалған «құрттардың» шын мәнінде осындай терек гүлі екенін байқауға болады.

Табиғатта құртты жауын болуы мүмкін және бірнеше рет болған да. Ғалымдар мұндай оқиғаларды «құйын» теориясымен түсіндіреді: жануарлар құйынға я торнадоға тап болады да, ауа ағыны оларды алыс қашықтыққа әкетіп, олар тура мағынада «аспаннан құлап жатады».

Толығырақ

«Құртты жауын» туралы хабарламалар орыс тіліндегі сегментте 11-12 наурызда жаппай тарай бастады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі материалдардың көбінде қандай да бір дереккөзге сілтеме жоқ. Кейін бұған New York Post пен гректердің Greek Reporter таблоидына сілтеме келтірген жаңалық тарататын сайттар қосылды. Бұл екі ресурс та жаңалықты 10 наурызда (12) ешқандай сілтемесіз жариялаған.

Желінің қытай тіліндегі сегментінен ерекше табиғи құбылыс туралы материалдар іздеп көрдік, бірақ ештеңе табылмады. Десе де, TikTok пен Twitter желілерінде 3 наурыз4 наурыз және 9 наурыз күнгі жазбалар шықты. Авторлар оқиға Бейжіңде болған деп келтіреді. Бұл мәлімдемені қытай журналисі Шен Шивэй жоққа шығарып, сол кездері Бейжіңде мүлдем жаңбыр болмағанын айтты. Сонымен қатар пікір білдірушілер видеода құрт емес, өсімдік бейнеленгенін жеткізді. New York Post материалда осы нұсқаны да атап өткен.

Кадрдағы автокөліктердің тіркеу нөмірі шын мәнінде Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шэньян қаласының Ляонин провинциясына жатады. Елдің бұл бөлігінде «корей терегі» (populus koreana) мен «түкті терек» (populus tomentosa) жиі кездеседі. Олардың гүлшоғыры сырғагүлге қатты ұқсайды.

Расымен, видеоны жақындатып қарағанда, автокөлікке терек гүлшоғыры жабысқанын байқауға болады. Роликті Factly мен 7NEWS Australia фактчекерлері де тексеріп, олар да осындай қорытындыға келген.

Фактчек | «Қытайда құртты жауын жауды»
7NEWS Australia видеосынан скриншот

«Құртты жауын» бар ма?

Табиғатта «құртты жауын» (не басқа да түрі) болуы мүмкін. Экология мен табиғат туралы жазатын ресурстарда аспаннан балық, бақа, медуза мен аллигаторлардың «жауғаны» туралы деректер табуға болады. Ғалымдар бұған «құйын теориясы» әсер етеді дейді (123). Теория бойынша, жануарлар құйын я торнадоға тап болады. Ол жануарларды алысқа ұшырып әкетіп, «аспаннан құлатады». Тіпті, кей жануарлар тірі қалып жатады, кейбірі үсіп қалады. Зерттеушілер бұған аздаған шаң не су құйыны жеткілікті дейді.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz