Кейінгі күндері түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде “бала туу көрсеткіші 20 жыл бұрынғы деңгейге түсіп кетті” деген тақырыпта материалдар жарияланып жатыр (1, 2, 3, 4, 5). Ақпаратқа сенсек, 1 000 адамға шаққанда жаңа туған сәбилердің үлесі 18,29-ға түскен және бұндай көрсеткіш кейінгі рет 2004 жылы тіркелген. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz редакциясы деректі тексеріп көрді.

Бала туу көрсеткіші 20 жыл бұрынғы деңгейге түсіп кетті.
Үкім: Шындық
2024 жылы елімізде 368 700 сәби дүниеге келген, мың адамға шаққанда – 18,29 болды. 20 жыл бұрын бұл көрсеткіш (18,42) болған, ал 2004 жылғы (18,19) көрсеткіш былтырғы жылдан да төмен болды. Ал 2000 жылы тіпті 14,92 болған. Расымен де бала туу көрсеткіші жиырма жыл бұрынғы деңгейге жетті. Ал жалпы кейінгі үш жылдықта бала туу коэффициенті азайып келеді.
2024 жылы мың адамға шаққандағы ең жоғарғы көрсеткіш – Түркістан облысында (25,05) тіркелді, одан кейін Маңғыстау (24,47) мен Шымкент (23,68) қаласында жоғары көрсеткіш байқалды. Ал ең төменгі коэффициент Солтүстік Қазақстан (9,72) мен Қостанай (11,08) облысытарында тіркелді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.