Еуропа Coca-cola-дан жаппай бас тартып жатыр ма?

Қаңтардың соңында көптеген медиада “Coca-Cola компаниясы Еуропадағы өнімдерін кері қайтарып жатыр деген тақырыпта ақпарат жариялана бастады (1, 2, 3, 4, 5). Ақпаратқа сай, сусын өнімдерінен химиялық қоспаның, оның ішінде хлораттың көп мөлшерде табылғаны анықталды. Аталған ақпараттар қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: Шындыққа жақын

27 қаңтарда Бельгияның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі федералды агенттігі Coca-Cola өнімдерінен (Coca-Cola, Sprite, Fanta, Fuze Tea, Minute Maid, Nalu, Royal Bliss және Tropico) хлораттың жоғары мөлшерін анықтады. Бұл оқиғадан кейін Coca-Cola Euro Pacific Partners Belgium Бельгия мен Люксембургтегі өнімдерін кері қайтарды.

Lemonde-дің жазуынша, хлораттың бұл өндіріс коды Нидерланд, Ұлыбритантания, Германия және Франция Coca-Cola өнімдерінде де кездеседі. BBC-дің ақпаратынша, Нидерландтағы өнімдері кері қайтарыла бастаған, ал Ұлыбританиядағы өнімдерінің көбі сатылып кеткен.

Хлораттың көп екенін қалай анықтауға болады?

Coca-Cola өнімдерінің шыны және пластик бөтелкесіндегі хлораттың өндіріс коды: 328GE-ден 338GE-ге дейін белгіленген. Хлораттың өндіріс коды шыны немесе пластик бөтелкенің түбінде немесе мойнында орналасқан. Coca-Cola Euro Pacific Partners Belgium бұл өнімдерді тұтынбауға шақырады. Егер де сатып алған жағдайда тауарларын сатып алған жеріне кері қайтарып, ақшасын алуға болады дейді.

Еуропа Coca-cola-дан жаппай бас тартып жатыр ма?

Хлораттың денсаулыққа қалай әсер етеді?

Еуропалық азық-түлік қауіпсіздік агенттігінің ақпаратынша, тағамдардағы, әсіресе ауыз судағы хлораттың көп мөлшерде болуы – балалардың, оның ішінде йод тапшылығы бар балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Хлорат негізінен хлорланған суды тамақ өңдеу үшін пайдаланғанда немесе өңдеуге арналған жабдықтарды дезинфекциялау кезінде пайда болады. Ал жалпы ДДСҰ-ның белгілеген нормасы бойынша судағы хлораттың мөлшері – килограмына (мг/кг) 0,7 миллиграмм дейді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz