Ерлер 80, әйелдер 70 килограммнан асса, ұшаққа отыру үшін қосымша ақы төлей ме?

Әлеуметтік желіде әуе жолаушыларына қатысты жаңа заң шыққаны туралы айтатын видео тарады (1, 2). Бейне авторы артық салмағы бар жолаушылар енді қосымша ақы төлейтіні туралы айтады. Автордың сөзінше, ерлер 80 киллограмнан асса, әйелдер 70 киллограмнан асса әуе билетіне қосымша ақы төлейді-міс. Кейіннен өзге де парақшалар дәл осы видеоны бөлісе бастаған (1, 2, 3, 4).

Ерлер 80, әйелдер 70 килограммнан асса, ұшаққа отыру үшін қосымша ақы төлей ме?

Factcheck.kz редакциясы ақпаратты тексеріп көрді.  

Үкім: Сатиралық жаңалық

Автор видеода мұндай ережені қай елдің әуекомпаниясы бекіткенін айтпайды, десе де жазба пікірінде Ирландияның Ryanair компаниясы екенін жазған. Ал Ryanair компаниясының ресми сайтында жолаушының салмағына қатысты қосымша ақы туралы хабарланбаған, мұндай ереже көрсетілмеген. Аталмыш ақпарат алғаш рет Facebook желісінде 1 сәуірде жарияланған, шамасы, күлкі күніне арналған қалжың болған.

Толығырақ 

Ақпарат алғаш рет 2025 жылдың 1 сәуірінде Facebook желісінде бірінен соң бірі жарияланған (1, 2, 3, 4, 5). Желіде «Ryanair компаниясы енді тек жүк салмағын емес, жолаушылардың да салмағын өлшейді» деп жазып, ақпарат әуе компанияның ресми мәлімдемесі екенін хабарлаған. Жазба пікірлерінен бұл ақпараттың әзіл ретінде ұсынылғанын байқауға болады. Ақпаратты әртүрлі желіде таратқан басқа парақшалар да Ryanair компаниясын негізге алған (1, 2, 3, 4, 5). 

Ерлер 80, әйелдер 70 килограммнан асса, ұшаққа отыру үшін қосымша ақы төлей ме?

3 сәуір күні туристік маркетплейс сайты жоғарыдағы жазба деректерімен бірдей жаңалық жариялайды. Сондай-ақ, мұның әзіл екенін ескертіп, жолаушылардың басым бөлігі рас деп сеніп қалғанын жазған. Ал, сатиралық жаңалықты видеода хабарлаған авторлар жазба, сайт деректерін еш өзгеріссіз айтып шығады. 

1 айдан кейін Instagram-дағы «Erke.budget» атаулы парақша иесі бұл туралы қазақ тілінде видео жариялайды. Алайда, ақпараттың сатира ретінде жарияланғаны туралы деректі ескертпейді. Видео авторы ақпарат қай елдің қандай компаниясы туралы екенін айтпайды. Дегенмен, Tik-tok-тағы бейне пікірінде «Ryanair» компаниясы екенін, еуропалықтар осы компаниямен ұшатынын жазады. 

Ерлер 80, әйелдер 70 килограммнан асса, ұшаққа отыру үшін қосымша ақы төлей ме?

13 мамыр күні «Kalamkas_pohudenie» деген парақша да осы тақырыпқа видео шығарды. Онда да ақпараттың әзіл екені ескертілмейді.

Материалды Нұрбибі Айтбайқызы дайындады

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz